Біле жүріңіз

Бөлмені қалай салқындатқан жөн?

Бүгінде жұртты аптап ыстық әбіржітуде. Үйді, кеңсені желдеткішпен, кондиционермен салқындатып әуреміз. Ал қандай да бір себеппен электр қуаты болмай қалса ше? Не істейміз? Мынадай тәсілдер есте болсын: Аса қажет болмаса, еденге төселген түкті кілемдерді уақытша жинап қойғанның көмегі көп. Бөлмеге әлсін-әлсін әбден мұздатылған су бүркіп, еденді жиі-жиі салқын суға шыланған шүберекпен сүртіп тұрсаңыз, жәрдемі тиеді. […]