Сапасыз азық-түлік балалар ассортименті тауарлары және басқа да халық тұтынатын тауарлар туралы
Қазіргі уақытта тағамның қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, тағам өнімдерінің сапасына, ас жүйесіне, биологиялық қоспаларына мониторинг жүргізу арқылы сақтау мерзімі мен өнімді іске асыру жайына көп көңіл бөлінеді. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті (бұдан әрі – осы техникалық регламент): 1) техникалық реттеу объектілерін; 2)техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын; 3)техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру ережелерін; 4) техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау нысандары мен рәсімдерін белгілейді. Беларусия, Қазақстан және Ресей Республикаларында техникалық реттеудің бірегей ережелері мен негіздері туралы келісімге сәйкес, 2010 жылдың 18 қарашасында «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 021/2011 Техникалық регламенті Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен бекітіліп, 2013 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген. Тамақ өнімдерін өндіру кезінде, сонымен қатар, оны сақтау, тасымалдау және сату кезінде, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі және сыртқы нарығында ХАССП жүйесіне негізделген қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс. Бұл техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, дүние-мүлігін және қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыларды жаңылыстыру іс-әрекеттерінің алдын-алу мақсатында жасақталды. Кеден одағының өзге техникалық регламенттері белгілейтін тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне және оларға қойылатын талаптарға байланысты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптар осы техникалық регламенттің талаптарын өзгерте алмайды. Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны өндіру процесінде мынадай рәсімдер әзірленуі, енгізілуі және қолдау табуы тиіс: 1) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімін өндірудің технологиялық процестерін таңдау; 2) өндірістік бақылау бағдарламаларындағы технологиялық операциялар мен тамақ өнімінің Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы бақыланатын кезеңдерін оны өндіру кезеңдерінде айқындау; 3) азық-түлік шикізатына технологиялық құралдармен, орауыш материалдармен, тамақ өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын бұйымдармен, сондай-ақ тамақ өнімін бақылаудың қажетті шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдармен бақылау жүргізу; Тамақ өнімінің таңбалануы оның таңбалануы бөлігінде тамақ өніміне қатысты талаптарды белгілейтін Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына және Кеден одағының техникалық регламентінің тағам өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылған талаптарына сәйкес болуы керек. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі тағамды дайындаудың маңызды факторы болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі балалардың қауіпсіз тағамдарын таңдау кезінде қажет болатын төрт ( ақуызбал, май, көмірсулар , витаминдер мен минералдар) маңызды қоректік заттардан тұратын тағамдарды немесе сусындарды таңдауды сұрайды . Балаларға арналған тағамдар таза болуы керек және құрамында зиянды ингредиенттер болмауы керек. Мүмкіндігінше пісірілген , ашуланған немесе қышқыл иісті емес тағамдары таңдаңыз, егер тағамдар буып-түйілген тағам болса , компилятордың құрамын тексеріп, тағамның құрамында жақсы тамақтану бар екенін көз жеткізіп , мерзімі өтіп кетпесін.
К.Рустемова,
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы СЭББ–ның
басшы орынбасары