Ауыл шаруашылығы алқаптары мен өрістерде шөпті, аңыз қалдықтарды, сабанды өртеу кезеңі алдында өрт қауіпсіздігі сақтау талаптарын ұмытпайық.
- Ауыл шаруашылығында өртеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады;
- Ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын жүргізу уақытында жауапты адамдар тағайындалады;
- Ауыл шаруашылығы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында әр өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;
- Жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысының аумағын ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және аудан 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;
- Ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары желдің әсері 3 баллдан аспайтын (секунттына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен жүргізіледі;
- Жалынның тез таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығындағы өртеу желдің ық жағынан басталады;
- Ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы аяқталғаннан кейін өртелген аумақтың периметрін мұқият тексеру, бықсыған жерлер мен жану ошақтарын анықтау және жою, қайта жанудың алдын алу үшін 3 сағат күзет қою қамтамасыз етіледі.
Сіздерден, ауыл шаруашылығында алқаптары мен өрістерде шөпті,
аңыз қалдықтарды, сабанды, қамысты өртеу алдында өрт қауіпсіздігі
талаптарын мұқият сақтауларыңызды және мемлекеттік өрт сөндіру
бөліміне, яғни «101» нөміріне хабарлауды сұранамыз.
А. Бабаш,
Еңбекші ауданы Төтенше
жағдайлар басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау капитаны.
Шымкент қаласы.