Кешегі аптада Бәйдібек ауданындағы Шақпақ ауылында болып, жергілікті жұрт «Ақылтөбе» деп атайтын төбеге шықтық. Жер-су аттарына мән беріп қарайтыным бар, жұрттан төбенің аты неге бұлай екенін сұрадым. «Биіктеу жер болған соң малдың алдынан шыққан, басқа да себеппен жолы түскен адамдар «бас қосып ақылдасатын төбе» деп жүріп «Ақылтөбе» атанып кеткен» деген жауап естідім. Ойды ой қозғайды. […]
