Біле жүріңіз

Майлау материалдары мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

 Майлау материалдары қозғалатын механизмдерде үйкелісті азайту және станоктарда құрылымдық және басқа материалдарды механикалық өңдеу кезінде заманауи техникада кеңінен қолданылады. Арнайы сұйықтықтар техникада қолданыстық зат ретінде, сондай-ақ салқындатқыш, бөлетін немесе мұздануға қарсы агенттер ретінде пайдаланылады. Мыналар майлау материалдарын, майлар мен арнайы сұйықтықтарды (бұдан әрі – өнім) айналымға шығару, айналуы, пайдалану және қайта өңдеу (кәдеге жарату) кезінде туындайтын негізгі қауіпті факторлар болып табылады: өнімнің өрт жарылыс қауіптілігі; белгіленген нормадан асатын мөлшерде су мен механикалық қоспалардың мөлшері; қоршаған ортаға түскен кезде өңделген өнімнің (бұдан әрі – өңделген өнім) экологиялық әсері; адам ағзасына зиянды әсер ету. Қауіпсіздік талартарын реттеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 20 шілдедегі № 59 шешімімен Кеден одағының «Майлау материалдарына, майлар мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенті КО ТР 030/2012 қабылданды Осы техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлкін, қоршаған ортаны және (немесе) жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, тұтынушыларды (пайдаланушыларды) адастыруға әкеп соғатын іс-қимылдардың алдын алу, сондай-ақ ресурс үнемдеу мақсатында өнімге, өңделген өнімге, өңделген өнімдерді қайта өңдеу (кәдеге асыру) нәтижесінде алынған өнімдерге қойылатын талаптарды белгілейді. Айналымға шығарылатын және (немесе) айналымда болатын өнімнің әр топтамасы өнімнің сапа туралы паспортымен қоса жүреді. Өнімнің химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты болуға тиіс. Сатушы тұтынушының талап етуі бойынша сапа паспортының және/немесе қауіпсіздік паспортының көшірмесін ұсынуға міндетті. Өңделген өнім кейіннен өңдеуге (кәдеге асыруға) дайындық үшін өңделген өнімдерді жинау пунктіне тапсыруға жатады. Өңделген өнімдерді қайта өңдеуге (кәдеге асыруға) жинау пунктінен жеткізілетін немесе өңделген өнімді өндіруші-ұйым өздігінен өңдеуге (кәдеге асыруға) дайындалған өңделген өнімдер сапа паспортымен қоса берілуге және осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуге тиіс. Өңделген өнімдердің айналымы кезінде мынаған: су қоймаларына, топыраққа және жалпы пайдаланатын канализациялық желілерге тастауға (құюға); кейіннен көмілетін тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарға арналған полигонға шығаруға; табиғат қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органы рұқсат берген жағдайларды қоспағанда, энергетикалық қондырғыларға арналған отынды алу мақсатында мұнаймен (газды конденсатпен), бензинмен, керосинмен, отынмен (дизельді, кеме, қазандық-пеш, мазут) араластыруға; құрамында галогенді органикалық қосылыстары бар өніммен араластыруға; адгезияға қарсы материалдар мен құрылыс материалдарын сіңіруге арналған құралдар ретінде қолдануға тыйым салынады. Оралған өнім таңбалануға тиіс. Таңбалауда мыналар болуға тиіс: дайындаушының атауы мен орналасқан жері (заңды мекен жайы, елін қоса алғанда), оның тауарлық белгісі (бар болса); атауы, марканы белгілеу мен өнімнің арналуы; соған сәйкес жүргізілетін құжатты белгілеу (бар болса); сақтау шарттары мен мерзімі; жасалған күні; топтаманың нөмірі; штрихтік бірдейлендіру коды (қажет кезде). Оған қоса, адамның денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуге қабілетті, өрт қауіпті қасиетібар өнімнің сәйкес ескерту таңбалауы болуға тиіс. Сонымен бірге, өнім нарыққа айналымға шығарар алдында сәйкестікті мәлімдеу нысанында сәйкестікті растау процедурасына ұшырауға тиіс. Майлау материалдары, майлар мен арнайы сұйықтықтар техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімнің бірыңғай айналым белгісімен таңбаланады. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімнің бірыңғай айналым белгісі орауыштың әр бірлігіне түсіріледі, сондай-ақ сапа паспортында жазылады.

Қаратау аудандық СЭББ  бас  маманы А.Максутова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *