Таяуда Алматыға тойға барып қайтқан едім. Билетті пойызға, купеге алғанмын. Жастары 30-дың шамасындағы екі қызбен купелес болдым. Адам жатырқамайтын ашық мінезді жандар екен. Жайдары мінездері тартып, әңгімеге қалай араласып кеткенімді өзім де аңғармай қалдым. Екеуі де тұрмыс құрмаған екен, Алматыда жоғары оқу орындарын бітірген, жұмысқа да сол жақта орналасып қалыпты. Ауылдарына демалысқа барып қайтқан беттері […]
