Менингит — жұлын мен бас миының қабынуымен сипатталатын бактериялар мен вирустар тудыратын жедел жұқпалы ауру. Негізгі белгілері:
- дене қызуының көтерілуі,
- бас айналу және құсу;
- желке бұлшықеттерінің тартылуы, яғни, науқасқа басын алға еңкейту қиын болып, мойын бұлшықеттерінің ауыруы;
— жарық пен дыбыстан қорқу;
— Керниг симптомы: тізені бүгу қиын болады;
— Брудзинский симптомы: аяғы тізе мен
— жамбас буындарында бүгілгенде, екінші аяғы да
бүгіледі.
- Менингит аурудың түріне байланысты әртүрлі
жолдармен жұғуы мүмкін:
- ауа-тамшылы (ауру адам жөтеліп, түшкіргенде);
- байланыс және тұрмыстық (жеке гигиена
ережелері сақталмаған кезде);
- оральды-фекальды (кір қолмен
тамақтанғанда);
- гематогенді (қан арқылы инфекция түскенде);
лимфогенді (лимфа арқылы инфекция
түскенде);
- плацентарлы (жүктілік және босану кезінде
әйелден оның сәбиіне өтуі);
- лас суға шомылу кезінде инфекция түсу
арқылы.
Менингит көптеген асқынулармен қауіпті. Бұл ауру паралич, психикалық бұзылулар, эпилепсия, гормоналды бұзылуларға әкелуі мүмкін. Егер ауруды менингококк қоздырса, онда науқастың денесінде геморрагиялық бөртпе пайда болады. Оның таралуымен құрғақ гангрена дамып, ол аяқтың ампутациясына әкелуі мүмкін.
Алдын алу.
Вакцинация менингитке әкелетін көптеген аурулардың алдын алады. Менингитпен ауыратын науқастармен жанаспау, өйткені менингит ауа тамшыларымен беріледі (дәке таңғыштары, респираторлар және т. б. сияқтысүзгі құралдарын қолданыңыз).
Менингитпен ауыратын науқаспен қатынаста болған жағдайда қолды сабынмен жуу. Жұғу қаупі жоғары аумақтарға саяхатқа барудан бас тарту.
Менингит жәндіктердің кейбір түрлерінен жұғу қаупі бар, атап айтқанда буынаяқтылар.
Сондықтан олардан барынша аулақ болу керек және репелленттерді қолдануды ұмытпау керек.
Ашық су көздерінде, субұрқақтарда шомылудан бас тарту. Өйткені ол жерлерде су залалсыздандырылмайды. Шомылу және демалу үшін арнайы шомылу орындарын таңдаңыз, өйткені олардағы су мониторинг арқылы бақыланып отырады.
Г. Өмірхан,
Әл-Фараби СЭБ бас маманы.