Шымкент

«Нұршуақта» жайлы мектеп салынуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты екенін айта келе, Үкіметке әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиістігін тапсырған болатын.

Президент тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы соның дәлелі.

Соңғы жылдары қала аумағы кеңейіп, миграциялық және демографиялық өсім артып келеді. Бұл өз кезегінде білім ошақтарына деген сұранысты көбейтіп отыр. Мамандар қалада жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушы саны соңғы екі жылда 23 мыңға артқанын айтады.

Қажеттіліктер ескеріліп, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін Шымкентте 37 700 орынды 25 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Жобаға сәйкес жыл соңына дейін 17 300 орынды 12 мектептің құрылысы бекітілген. Алдағы жылы 20 400 орынды 13 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада ұлттық жоба аясында Нұршуақ елдімекенінде салынып жатқан 2 мың орынды мектептің жобасымен танысып, жұмыс барысын тексерді. Қазір білім ғимаратын салуға елдімекен аумағынан 4,2 гектар жер телімі бөлініп, құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес заманауи талапқа сай бой көтеретін білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі. Құрылысы 2024 жылы аяқталатын 11 жайлы мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жобалаушы мекеме тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама қорытындысы қараша айына дейін әзірленеді.

Қала басшысы құрылысқа жауапты мамандарға ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің инженерлік-коммуникациялық желілерін талапқа сай жүргізіп, ғимараттардың кескін-келбетін мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай жабдықтау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *