Біле жүріңіз

Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді

Расында, қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, улану орын алуда. Демек, кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталауға тура келеді:

 — пешті мұқият қарап шығыңыз, зақымданудың жоқтығына көз жеткізіңіз, қажет болған жағдайда сылаңыз;

— мұржа мен пешті 3 айда кемінде 1 рет тазалап отырыңыз;

— жылыту пешінің алдында 50х70 см. пеш алды металл төсемін орнатыңыз;

— жылыту пешінде жанғыш конструкциялардан нормаларын белгіленген өртке қарсы аралық болуы тиіс;

— тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін тұрбасы сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

— пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз.

— автокөлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс жасамаңыз.

Құрметті тұрғындары! Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

    Д.Искаков,

Еңбекші ауданының Төтенше

жағдайлар басқармасының инженері

азаматтық қорғау  лейтенанты.                                         

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *