Көктемнің керемет сыйының бірі — қозықұйрық. Табиғи дәрумендерге бай бұл өсімдікті талғажау етуден бөлек терудің өзі бір ғанибет, серуен әрі демалыс. Аңшының қансонарды күткеніндей, найзағайлы көктем жаңбырынан кейін даланы қаптайтын қозықұйрықты теретіндердің арасында бір маусымдағы тапқан табысына көлік алып, үй тұрғызатындар да бар екен. Базардағы қаншама сатушы қозықұйрықтың арқасында мол табыс тауып, әлеуметтік жағдайын жақсартып […]
