Түркістан қаласы тағы бір тамаша туристік нысанмен толықты. Дәлірек айтқанда, төрт қақпалы қалада «Есу арнасында» суға шомылуға арналған, ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайтын жаңа жағажай ашылды. Ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы жаңа демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асқанын атап өтті. Демалыс аймағында демалушыларға […]
