Әлеумет

Медициналық ұйымнан ауру жұқтырсаңыз…

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бойынша қолданыстағы нормативті құқықтық актілерінен сіз де хабардар болыңыз, оқырман!

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-151 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция (бұдан әрі – МККБИ) – пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе грибоктан пайда болатын кез келген инфекциялық ауру немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру. Мәселен, стоматологиялық және косметологиялық кабинеттерде нашар өңделген  немесе стерильденбеген құрал саймандармен жасағанда вирусты гепатиттің В және С түрін, саңырауқұлақ инфекцияларын, герпесті және тіпті АҚТҚ-ны (адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы) оңай  жұқтыру мүмкін.

Пациенттің медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шыққаннан кейін инкубациялық кезең ішінде анықталған инфекциялық аурулары медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінде есепке алынуға жатады.

Медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінде есепке алуға төмендегі жағдайлар жатады:

      1) жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – егер үйге шығарылғаннан кейін жеті тәуліктің ішінде пайда болса, генерализацияланған түрлері – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәулік ішінде пайда болса;

      2) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық асқынулар – үйге шығарылғаннан кейін отыз тәулік ішінде пайда болса;

      3) хирургиялық араласудың инфекциялық асқынулары – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәуліктің ішінде пайда болса, имплантант болған кезде операция жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде пайда болса есепке алынуға жатады.

МККБИ жағдайы анықталған кезде эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізіледі, тергеп-тексеру барысында инфекцияның көзін, оның берілу факторлары мен жолдарын анықтау, МККБИ жаңа жағдайларының тіркелуінің алдын алу бойынша шара қолданылады. Терінің және сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет қолданылатын стерилді қолғаппен жүргізіледі.

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциясының таралуына ықпал ететін факторлар:

-медициналық мекемелерге келушілердің артуы мен бір төсек орынға шамадан тыс тығыздығы;

-медициналық қызметкерлер мен науқастар арасында инфекцияны тасымалдаушылар;

-медициналық қызметкерлердің асептика және антисептика, жеке гигиена ережелерін бұзуы;

-ағымдағы және қорытынды дезинфекцияны уақтылы жүргізбей, тазалау режимін бұзуы;

-медициналық құрал-саймандарды, аспаптарды, аппараттарды және т.б. дезинфекциялау және зарарсыздандыру режимін бұзуы;

-жасанды желдету жүйесінің болмауы немесе іске қосылмауы.

Алдын алу шаралары:

-Медициналық қызметкерлер және пациенттер қол жуу ережесін қатаң сақтау, бір рет қолданылатын құралдарды, бетперделерді, сүлгілерді және т.б. заттарды пайдалану. Медициналық ұйымдарда МККБИ қоздырғыштары берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляциялар жасау кезінде немесе медициналық ұйымның сыртқы ортасының әртүрлі объектілерін (аппараттарды, аспаптарды, пациенттерге күтім жасауға арналған заттарды, санитариялық-техникалық жабдықты, төсек-орын жабдықтарын, медициналық бұйымдарды, таңу материалын, медициналық қалдықтарды) ұстау кезінде қолының ластануы болып табылады. Микроорганизмдердің қол арқылы берілу жолдарын болдырмау және МККБИ пайда болуы тәуекелін азайту үшін медициналық ұйымдар қызметкерлері қолдарын ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын барлық жағдайларда өңдеуі қажет. Медициналық манипуляцияларды жүзеге асыратын медицина персоналы қолын тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай талаптарды сақтауы қажет: тырнақты алу, қолға лак жақпау, жасанды тырнақтың болмауы, зергерлік бұйымдар мен сағат, білезік тақпау, қолды зақымдаудың болмауы, білекті киім жауып тұрмауы тиіс;

         -Емдеу-профилактикалық мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді, дезинфекциялық-стерилизациялық режимдерді қатаң сақтау;

-Стационарлар мен емханаларда таза және лас медициналық құрал-саймандарды мейлінше бөлек қолдану;

-қашықтықты сақтау, карантин, оқшаулау, бөлме ауасын желдету;

-медициналық бұйымдарды сапалы дезинфекциялауды, стерилдеуді қамтамасыз ету.


Б. Идияева, Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *