Әлеумет

Қызылшаның алдын алуға болады

Қызылша — бұл ауа-тамшы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарының тамшыларымен немесе жұқтырған адамдардың мұрыннан немесе тамағынан секрецияларымен тікелей байланыста болады. Қызылша -адамның аса контагиозды инфекцияларының бірі, өйткені инфекция көзімен жанасқаннан кейін адамдардың 90%-дан астамы ауырады. Қызылшаның негізгі белгілері: жоғары қызба, әлсіздік, жөтел, мұрынның ағуы, ауыз қуысының шырышты қабатындағы ақ дақтар, қызыл түсті ірі біріктірілген дақтар түріндегі бөртпе, сондай-ақ жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

         Ең осал контингент 14 жасқа дейінгі балалар болып табылады, бірақ қазіргі уақытта ауру ересек тұрғындар арасында тіркеледі. Аурудан кейін өмір бойы иммунитет дамиды.

         Қызылшамен ауырғандардың шамамен 30%-да бір немесе бірнеше асқынулар байқалады. Ең жиі кездесетін асқынуларға отит, пневмония, диарея, соқырлық және энцефалит жатады. Жүкті әйелде қызылша жұқтырған кезде, анадан вирус ұрыққа плацента арқылы беріледі, бұл ұрықта көптеген туа біткен ақаулардың дамуына және жүкті әйелдерде түсік түсіру, өлі туылу сияқты асқынуларға әкеледі. Балада көру, есту, жүрек, бауыр, сүйектер ішілік зақымдану байқалады. Нәтижесінде бала соқыр, саңырау, жүрек ақауы, ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі болып туылады.

         Қызылшаның алдын алудың ең тиімді, сенімді және баламасыз жолы – екпе алу;

Қызылшаға қарсы егу – вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін тұрақты қорғайтын иммунитет қалыптастырады.

Қызылшамен ауырған адамның иммунитеті өмірінің соңына дейін болады және егілмейді.

ҚР ұлттық егу күнтізбесіне сай ең алғашқы вакцинация дені сау кезінде балаларға 12-15 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Қызылшаға қарсы қосымша егулер эпидемиологиялық көрсетіліммен:

-Науқаспен байланыста болған қызылшаға қарсы егілмеген немесе егуі туралы мәліметі жоқ, осы аурумен ауырмаған 30 жасқа дейінгі адамдарға;

-55 жасқа дейінгі медициналық жұмыскерлерге және өз қалауымен 30 жастан асқан адамдарға салынады !


Т. Сермаңизов, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *