Uncategorized

Қонаққа барамын деп ауырып қалмаңыз

Күнделікті және мерекелік іс шаралар кезінде ботулизм мен тамақтан улану жағдайларының алдын алу үшін мына жадынаманы есіңізде ұстаңыз.

Жаз мезгілінде үй жағдайында әзірленген тіл үйіретін түрлі салаттар – күнделікті және мерекелік дастарханның сәні. Алайда, үй жағдайында дұрыс консервіленбеген өнімдерді тұтыну мен санитариялық талаптарды сақтамай әзірленген тағамдардың салдары ботулизм, тағам токсико және өткір ішек жұқпалы ауруларының тіркелуіне себепкер болуы әбден ықтимал.
Ботулизм ауруының улы таяқшалары ауасыз кеңістікте дамиды. Ерекшелігі де осында, яғни тағамның түсі, түрі еш өзгеріссіз қалпында қалады. Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын тамақтан улану симптомдары жатады (жүрек айну, құсу, бас ауру), дами келе бұл ботулизм ауруына, тән, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылу белгілеріне ауысады (көз қарашығының үлкеюі, заттарды қосақтап көру, жарыққа реакцияның болмауы, таңдай еттерінің, тамақтың, кеңірдектің жансыздануы, жұту, шайнау актілерінің бұзылуы және т.б).
Насихаттау жұмыстарын жүргізе келе, азық түлік өнімдерін тасымалдау, әзірлеу, дайындау, сақтау мен жеке бас гигиенасы талаптарының сақталмауы ботулизм, тамақтан улану мен өткір ішек жұқпалы ауруларының бірден бір негізгі себептері екенін еске сала отырып, төмендегі талаптарды ұсынамыз:

Үй жағдайында:

  • көшеден үй жағдайында дайындалған салаттар мен консервіленген тағамдарды сатып алмау;
  • консервіленген тағамдарды пайдаланар алдында оның сақталу мерзіміне және қақпақтың көтерілуінің, яғни герметикалық қораптың бұзылуының бар-жоқтығына назар аудару;
  • үй жағдайында консервіленген көкөністерді, жемістерді және саңырауқұлақтарды пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
  • жаңадан дайындалған тамаққа кешегі күннен қалған тамақты араластырмау;
  • жеке бас гигиенасын сақтау, қолыңызда жарақат болса, ас әзірлеуге қатыспау немесе үй жағдайында бір реттік қолғап киіп әзірлеу;
  • шикізат пен дайын өнімдерді олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сауда орындарынан алу;
  • көкөністерді, жемістерді пайдаланар алдында таза ағынды сумен мұқият жуу;
  • азық түлік өнімдерін сақтауда сақтау нұсқамаларына қарау, сақтау мерзімі өтіп кеткен өнімді пайдаланбау, дайын тамақтарды әсіресе салаттарды бөлме температурасында сақтамау;
    Қоғамдық тамақтану нысандарында:
  • үй жағдайында дайындалған салаттар мен консервіленген тағамдарды пайдалануға жол бермеу;
  • тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзіміне, олардың сақталуына назар аудару;
  • азық-түлік (тамақ) шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөнiстер, аскөк, сүт өнімдерін, нан және нан-тоқаш бұйымдары, кондитерлік бұйымдар) бөлшектеу үшін өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес, әріпті және (немесе) түрлі-түсті таңбалауды пайдаланып таңбаланған жеке бөлшектеу мүкәммалдары (бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар) мақсаты бойынша пайдалану;
  • жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялауды оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асыру;
  • медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталуы;
  • терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдарды жұмысқа жібермеу;
  • өндірістік бақылау бағдарламасының нормативті-құқықтық актілерге сай болуы сияқты қағидаттарды ұстануды ұсынамыз.
    Аурудың алғашқы белгілері (жүрек айну, құсу, бас ауру, диарея) байқалса, тез арада дәрігерге көріну қажет!

Ә. Төлебаев, Шымкент қ. СЭБД басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *