Көміртегі тотығымен улану: ақаулы газды су жылытқыштарын , қазандықтарды, пештерді және каминдерді пайдаланумен байланысты.
Көміртегі тотығы қауіпті өйткені ол көрінбейді және сезілмейді,оның иісі де,түсі де жоқ. Тыныс алу жолына түскеннен кейін көміртегі тотығы молекулалары қанға еніп,гемоглобин молекулаларымен байланысады,нәтижесінде карбоксигемоглобин түзіледі,бұл оттегінің тасымалдауына кедергі келтіреді және оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі.
Көміртегі тотығымен улану кезінде келесі белгілер пайда болады: жалпы әлсіздік,бас ауруы, самайдың солқылдауы,құлақтың шыңылдауы,бас айналу, ауа етспеушілігі,ентігу, көру қаблеттілігінің бұзылуы-жыпылықтау,көздің алдындағы нүктелер,құрғақ жөтел, тыныс алудың жиілеуі.
Көміртегі тотығымен улану кезінде зардап шеккен адамға тез арада алғашқы көмек көрсету қажет: зардап шегушіні тез арада таза ауаға шығару керек; тыныс алу жолдарын тазарту,киімді шешу, тілдің кетіп қалуына жол бермеу үшін зардап шегушіні бір қырымен жатқызу керек; тыныс алуды қалпына келтіру: нашатыр иіскету,кеудені ысқылап, аяқ-қолды жылыту керек; жедел жәрдем шақыру; Егер адамның жағдайы қанағаттанарлық болса да,оны дәрігер қарап тексеру керек, себебі уақытылы басталған ем шаралар көміртегі тотығымен уланудан болатын асқынулар мен өлім қаупін азайтады.
Еске саламыз!
Жылыту маусымы басталар алдында жылыту және су жылыту жабдықтарының жарамдылығын тексеру қажет. Түтін құбырлары мен мұржаларды дұрыс күйде ұстаңыз.Газ жабдығын қоспас бұрын тартқышты тексеріңіз. Егер пештің немесе газ құрылғысының ақауы анықталса мамандарға хабарлау қажет.
Г. ШОНЖАНОВА, әл-Фараби СЭББ-ның бас маманы