Құқық

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін…

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

 Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бастап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп талаптарын сақтау

бойынша құқықтық оқытулар, семинар сабақтары ұйымдастырылып өткізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде (facebook, Instagram) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тақырыптарында мақалалар жиі жарияланады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдары заң аясында уақытылы және сапалы қаралуы қадағаланып, барлық жолданымдарға заңда белгіленген мерзім ішінде тиісті шаралар қабылданып, жауабы жолданады.

Басқармада мемлекеттік қызметтің үш түрі (санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар) көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер «elicense.kz» веб порталы арқылы электрондық түрде рәсімделіп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес нысандарға рұқсат құжаттары электронды түрде ұсынылады.

Мемлекеттік бақылау және қадағалауға жататын барлық нысандарға қатысты жүргізетін тексерулер ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде тіркелген тексерулерді тағайындау туралы актіге сәйкес жүргізілуі басшылық тарапынан қатаң бақылауға алынған.


Айнұр Пернеева, Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *