Біле жүріңіз

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТТЫ


Қаншама науқастың дертіне шипа берген Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында МӘМС жүйесі енгізілгелі бері орын алған өзгерістер жайлы бас дәрігер Ділдабеков Жанболат Бердібайұлының пікірін білген едік.

-Жанболат Бердібайұлы, жалпы аурухананың қазіргі жай-күйін білгіміз келеді….

-Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы тұрғындарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін өңірдің жетекші медициналық орталықтарының бірі. Аурухана 2021 жылы Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын растады. Аурухана құрамында 25 клиникалық бөлімше, 2 анестезиология және реанимация бөлімшесі, эндокринологиялық бөлімшеде реанимациялық төсектер, 4 консультациялық-диагностикалық емхана, 9 параклиникалық бөлімше жұмыс жасайды. Ауруханада терапевтік — 425, хирургиялық — 375 төсек-орын тәулік бойы жұмыс істейді.

Клиникадағы мамандардың  біліктілігіне сенім артушылар көп. Сондықтан ауруханаға облыстан бөлек басқа өңірдің халқы да емделіп жүр.Жалпы, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға байланысты шет елге оқуға жолданады.

-Бұрын-соңды  Астана, Алматыға барып жасайтын отаны жергілікті мамандар меңгере алды ма?

-Хирургия тағы бір сатыға көтеріліп, ашық операцияларды да, инновациялық технологияларды да қолдана алатын мамандарға қажеттілік туды.

 Қазіргі уақытта нейрохирургияда, травматологияда, урологияда, тамырлы хирургияда, жалпы хирургияда, кардиологияда көптеген операциялар жоғары технологиялардың көмегімен хирургиялық әдіспен жүргізіледі-ангиографиялық қондырғы, навигациялық қондырғы, эндоскопиялық және лапароскопиялық тіреу және т. б. жоғары технологиялық және қымбат күрделі операциялар МӘМС шеңберінде пациенттер үшін жүргізіледі.

Жалпы, стационарлық жағдайларда жоспарлы тұрде ЖТМК МӘМС қатысушыларына ақысыз көрсетіледі. ЖТМК көрсету кезінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету дәрілік формулярға сәйкес жүргізіледі.

МӘМС есебінен денсаулық сақтауды қаржыландырудың едәуір өсуі халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. Қымбат тұратын дәрілік препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтарды сатып алу үшін қаржыландыру ұлғайды. Медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұлда болса саланың дамуына серпін берді.

Айта кетерлігі, өткен жылы 16993 ота жасалды. Барлық ота сәтті орындалып, пациенттер отбасына аман- есен оралды.

-Медициналық оңалту шарасы қаншалықты тиімділігін көрсетті?

-Жүйенің есебінен стационардың қабылдау бөлімшесінде тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін амбулаториялық пациенттер үшін төлем жүргізіледі. Жүйе енгізілгенге дейін бұл қызметке төлем жүргізілмеген. Осы қаржының арқасында диагноз қойылғанға дейін емдеу-диагностикалық іс-шараларға арналған барлық шығыстар жабылады. МӘМС арқылы инсульттан кейін пациенттерге қалпына келтіру емі мен оңалту шаралары көп науқастың дертіне шипа берді.

Бұрын-соңды қаржыландыру көлемінің аздығынан дамытылмаған нейрореабилитация және ұзартылған (екінші кезең) оңалту бөлімшелерінің екінші тынысы ашылды.  Жыл сайын  бөлімшелерде 700-ден астам  науқас емделіп, дәрігерлерге ризашылығын білдірді.

 -Шалғай аудандардан келетін науқастар қанша уақытта тиісті емдерін алады?

-Алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейін науқас учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша бейінді мамандардың консультацияларын, профилактикалық медициналық тексерулерді, диагностикалық қызметтерді алады. Оның ішінде, қымбат тұратын (КТ, МРТ), зертханалық диагностиканы, стационарда емдеуді, медициналық оңалтуды, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетіледі.

Жедел түрде түскен науқастар  қандай ауданнан, қаладан немесе  түрғылықты түратын жеріне қарамастан  шұғыл түрде  триаж жүйесі бойынша бірден көмек көрсетіліп  және емін алады.

Жоспарлы түрде портал арқылы  науқастарды  ауруханаға жату күні мен уақыты  автоматты  түрде  «Жатқызу бюро» жүйесі арқылы  белгіленеді.

  Жоспарлы медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетіледі. Жалпы, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық күтпеуі тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық сақтандыру қоры мен мекеме арасындағы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартта көмекті толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады және сапа үшін жауапты.

-МӘМС жүйесі енгізілген соң, ауруханада нендей өзгерістер орын алды?

-Қазіргі уақытта ауруханада түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Тұрғындардың  МӘМС жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтеріне деген сұраныстың артуына байланысты ақылы қызметтер қысқартылды. Бірінші кезекте қызметкерлердің штаттық құрамын зерделінді, адам ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында 120 штаттық бірлік қысқартылды. Екіншіден, төсек қорын оңтайландыру жүргізілді. МӘМС-тің болуымен ақылы бөлімшелер тиімсіз болып шықты, осыған байланысты таратылды, ал ақылы төсектер бейінді бөлімшелердің құрамына кірді. Екі ақылы бөлімшені жабу есебінен сұранысқа ие бөлімшелер кеңейтілді, гастроэнтерология, неврология, оңалту бөлімшелері үшін қосымша орын пайда болды.

 Нейроинсульт бөлімшесінде 6 нейрореанимация төсегі ашылды. Жалпы реанимация бөлімшесі трансплантологияның дамуын ескере отырып, 12 төсекке орналастырылған. Қосымша 2 жедел травматология төсегі және 4 жедел нейрохирургия төсегі қосылды. Гинекология бөлімшесінің құрамында балалар гинекологиясының 2 төсегі (15-18 жастағы жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету үшін) орналастырылған. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында ағзаларды (бүйрек, бауыр) трансплантациялау бойынша операциялар жүргізу жоспарлануда, осыған байланысты бірқатар мамандар (хирургтар, реаниматологтар, нефрологтар, орта медициналық персонал) А. Сызғанова атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының базасында оқытылады. Сонымен қатар, екінші тоқсанда эндокринологиялық бейіндегі төсек қорын кеңейту, ОКА негізгі корпусындағы ревматология бөлімшесінің орналасқан жерін өзгерту жоспарлануда.

Сонымен қатар, тиімсіздігіне байланысты диабеттік аяқ бөлімшесін жабу және гепатопанкреатобиллиарлық хирургия, эндокриндік аурулар хирургиясы және т. б. сияқты ең тиімді жоғары мамандандырылған хирургиялық бөлімшелерді ұйымдастыру жоспарлануда.

-Халықпен кері байланысты қалай атқарып жатсыздар?

— Облыстық клиникалық ауруханада басшының орынбасарлары, сарапшылар, заңгерден тұратын Пациентті қолдау қызметі жұмыс істейді. Бұл қызмет медициналық көмек көрсету мен клиникалық қызметке ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртібінің бұзылуын анықтайды, пациенттердің өтініштері мен шағымдарын қараумен айналысады.

Ауруханада пациенттерді МӘМС жүйесімен таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, барлық емханалар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің жиі кездесетін мәселелері бойынша ақпаратпен жабдықталған. Емханаларда көрнекі ақпараты бар стендтер бар, пациенттерге арналған күту залдарында буклеттер бар, сондай-ақ күту залдарында экрандарда МӘМС мәселелері бойынша ақпараттық роликтерді көруге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *