Құқық

Шымкентте жылу мен светті жөндеуге бөлінген ақшаны жемқорлар жеп қойған

«Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы 1 млрд теңгеден астам соманы ұрлады деген күдікке ілінді» деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті тергеп жатыр екен.

Күдіктілер қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және бір топ лауазымды тұлғалармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бюджеттен бөлген 1,1 млрд. теңгені жымқырған. Қазір коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алыныпты.

Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаға Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын пәтерлер сатып алған.

Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *