Балық — адам үшін қажетті белокқа
бай тағам көзі болып табылады. Балықтың еті, уылдырығы, ал кейбір балықтың
терісі де пайдаланылады және олардан балық майы алынады.
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламентін қабылдау туралы (Кеден одағы комиссиясының 2011жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті ТР ТС 040/2016 бойынша жүргізіледі және барлық өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) балық және балық өнімдерінің түрлеріне қолданылады.
Осы техникалық регламент балықтан алынатын тағамдық өнімдердің қауіпсіздігіне, балық және балық өндіру процестеріне, орамасына, таңбалауына және айналымына талаптар белгілейді.
Балық және балық өнімдерін буып түю, таңбалау «Буып -түюге, таңбалауға зат белгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі. Балық өнімдерін буып түю олардың ластануына жол бермейтін жағдайларда жүргізілуі тиіс. Балық өнімдерінің орамы оның қауіпсіздігін және жарамдылық мерзімі ішінде бірдейлік белгілерінің өзгермеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Балық консервілеріне қойылатын талаптар, маркілеу, буып-түю және сақтау. Балық салынатын банкалар таза, тоттанбаған, қампаймаған, тұмшаланып жабылған және зат белгілері бүлінбеген болу керек.
Орама материалдары мен ыдысы олардың органолептикалық қасиеттерін бұзбауы, тамақ өнімдерімен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалуы тиіс. Орама неғурлым берік болуы тиіс, санитариялық-гигиеналық шарттарын сақтай отырып, жеке ыдыстарды қоспағанда ыдыс қайта қолданылмауы тиіс.
Таңбалауда мынадай ақпарат болуы тиіс; балықтың ұзындығы мен салмағы (ірі, орташа, немесе ұсақ), бөлшектеу түрі; мұздатылған өнім үшін таза салмағы қабыршық немесе сақтандыру жабынының салмақтық үлесі жеке көрсетілуі тиіс; тұздылық деңгейі, (аз тұздалған, әлсіз тұздалған, орташа тұздалған, қатты тұздалған); сұрып (бар болса) немесе санаты (мұздатылған балық еті үшін); «вакуумда оралған» немесе «газды ортада оралған» деген жазуының болуы (орамада вакуум немесе газды орта пайдалану кезінде).
Балық және балық өнімдеріндегі микробиологиялық және паразитологиялық контаминация мен химиялық ластауыштардың, уытты элементтердің, пестицидтердің, радионуклеидтердің, басқа да зиянды заттар мен олардың қалдықтарының, азық қоспалары мен гендік инженерия өнімдерінің құрамы, адам денсаулығы үшін қауіпті гельминттер мен олардың құрттары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және ветеринария саласындағы қолданыстағы нормативті құқықтық актілермен бақыланады.
Б.Кулимов,
Шымкент қаласы Абай ауданың
СЭББ бас маманы