Мәдениет және өнер

Бойжеткенге жүзік тақты

Димаш үйлене ме? Әлеуметтік желіде осы сұрақ желдей есіп тұр. Әлемге қазақты танытып жүрген талант иесі Димаш Құдайбергеннің бір бойжеткенге жүзік тағып жатқан видеосы лезде-ақ тарап кетті. Бәрі де «Димаш қызына сөз салыпты…», «Димаш үйленгелі жатыр екен…» дескені аздай «Бұл қыз кім?» деп іздеу салғандар да аз болмауда.

Сонымен, Димаш Құдайбергеннен видеода жүзік алған қыз кім?  Ол Алматыда өткен сұлулық байқауының жеңімпазы болған Наталья Петри деген ару екен. Әкесі-неміс, шешесі-қазақ. Өзі «қазақпын» дейді. Қазақшаға «судай» бойжеткен Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетте студент. Болашақта физика мамандығы бойынша ғылым жолын қумақ. Мың бұрала қазақтың ұлттық биін нәшіне келтіре билейтін Наташа модельдікті де әуес іс көріп жүрген сұлу. Оны жарнамалық роликтерге модель болуға шақыратындар көп.

Димашпен де Наташа жарнама үшін видео, фотоға түскен. Иә, Димаштың  жүзік тағып тұрған видеосы жарнама. Зергерлік компанияның жарнамасы. Бұл жарнамалар қазір Алматы мен Астана көшелеріне іліне бастаған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *