Uncategorized

Пневмонияның алдын алыңыз

Пневмония — негізінен  альвеолдарды  зақымдайтын өкпе тіндерінің қабынуы. Пневмонияның басты  себептерінің  бірі-пневмококк  инфекциясы, ал   оның  қоздырғышы –  пневмококк. Ауру дене қызуының жоғарылауымен,  кеуде тусының ауыруымен,  қақырық  мол бөлінетін жөтел сияқты  белгілермен ерекшеленеді.

Түрлері

Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді. Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 — 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды. Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиник. белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2 — 3 аптадан соң жазыла бастайды. Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Физиотерапия, емдік денешынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі.

Белгілері:

       —  бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі;

       — дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы;

       —  әр дем алған кезде   пневмония   дем  шығарған  сайын  мұрынның желбезегі көтеріліп Пневмония басылып тұрады;

       — дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді);

       — жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан);

       — кеуде ауырады;

       — науқастың халі ауырлайды;

                    Пневмонияға әкелетін жағдайлар

  • темекі шегу және созылмалы бронхит;
  • өкпенің созылмалы аурулары;
  • эндокриндік аурулар
  • жүрек жеткіліксіздігі;
  • кеуде және іштің хирургиясы;
  • маскүнемдік;
  • әлеуметтік  ара – қашықтық;
  • бетперде тақпау.

 Алдын алу үшін:

— тұрғын үй-жайды үнемі желдетіп отыру және таза ұстау;

— қозғалыс режимін сақтау: таза ауада серуенмен бірге қалыпты дене жүктемелері аурудың ықтималдығын төмендетеді;

— жалпы нығайтатын іс-шараларды жүргізу: профилактикалық массаж, шынығу, су процедуралары;

— салауатты өмір салтын ұстану: зиянды әдеттерден бас тарту, қалыпты дене жүктемелерімен толыққанды демалысты ауыстыру;

— тоңазудан аулақ болу;

— тыныс алу органдарының созылмалы ауруларын емдеу курсынан уақытында өту.

— вакцинациялау, соның ішінде steptoccuspneumoniae және Haemophilusinfluenzae типті инфекцияға қарсы вакциналарды пайдалану;

— баланы алғашқы алты айында тек қана емшек сүтімен емізу;

— туылған кезде дене салмағының төмендігін алдын алу және тамақтануды жақсарту;

— үй-жайлардағы ауаның ластануына қарсы күрес және салауатты ортаны қамтамасыз ету;

— АИТВ инфекциясының алдын алу және жүргізу. Сонымен қатар,  пневмония – бүкіл әлемдегі балалар өлімінің басты себебі болып табылатын ауру.  Егер  тиімді шаралар кең ауқымда қолданылса және халықтың неғұрлым осал топтарын  қамтыса,  бес жасқа дейінгі балалардың қайтыс болуы жағдайларының  көпшілігінің алдын  алуға болар еді.

                                           Қорытынды

      «Иммунитетті нығайту, вакцинация, ЖРВИ-ның алғашқы белгілері кезінде дәрігерге уақытылы қаралу, сондай-ақ ағзаны қорғаудың қосымша шаралары жөнінде емдеуші дәрігерден медициналық кеңес алу қажет. Ара қашықтықты сақтап , бетперде кию, короновирусқа  қарсы екпе алу. Азаматтардың денсаулығы тек 10%-ға ғана денсаулық сақтау жүйесіне, ал 50% — өмір салты мен адамдардың өз денсаулығына деген қамқорлығына байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан, денсаулығыңызды күтіп, сақтаңыз, өзіңізге қамқор болыңыз. Пневмониямен және де кез-келген аурумен күресудің ең тиіміді әдісі – алдын-алу шаралары екенін ұмытпаңыз. Аман-сау болыңыз!»

А. Исабекова, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының СЭББ-ның басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *