Қоғам

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

«Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитұлы ауданның намысын қорғап, спорт саласында елеулі жетістіктері бар жас спортшылар мен олардың бапкерлерін қабылдады» деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Аудан басшысы спортшылармен кездесу барысында алдағы уақытта өтетін жарыстарға жасап отырған дайындық барысын сұрап, олардың кәсіби шыңдалуына барынша қолдау көрсететінін атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нұрлыбаев ауданның спорт тарихында үздік спортшылардың жетістіктері мен жаттықтырушыларының қосып отырған үлестерін айтты. Аудан басшысы ізгі тілегін білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар мен сертификаттарды табыстады. — Біз, Сіздерді мақтан тұтамыз, сіздер еліміздің болашағысыздар, спорт саласында үлкен үміт артамыз. Спортпен кәсіби деңгейде шұғылданған соң, үлкен еңбек пен шыдамды қажет ететінін жақсы білесіздер. Азия чемпионатынла жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайраттарыңызды танытып, біздің елімізді осы халықаралық сайыстарда лайықты көрсететіндеріңізге сенімім мол. Барлығыңызға зор денсаулық, қажымас қуат, жаңа жетістіктер мен жаңа жеңістер тілеймін, — деді. Айта кетелік, Талғат Абылай Ұлықбекұлы Қазақстан Республикасының спорт шеберінің үміткері, Ақсу жекпе-жек спорт клубының спортшысы. Ақсукент ауылында 2009 жылы дүниеге келген. Спортта 61 келі салмақта бокстан өнер көрсетеді. Ағымдағы жылдың 24-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында І орынды иеленді. Биыл тамыз айында Бразилия мемлекетінің Рио-Де-Жанейро қаласында әлемдік спартакиадаға, осы жылдың қыркүйек–қазан айларында Абу-Даби-де өтетін Азия чемпионатына қатысуға жолдама алды. Жаттықтырушысы — Оразалиев Еркін. Қалдыбек Иманғали Ерболұлы Қазақстан Республикасының спорт шебері, аталған спорт клубының спортшысы. Қарасу ауылдық округіне қарасты Бескепе ауылында өмірге келген. 86 келі салмақта еркін күрестен бақ сынайтын болады. Осы жылдың 9-12 наурыз аралығында Талдықорған қаласында, еркін күресінен 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі І орын алды. 2023 жылдың шілде айында Иордания мемлекетінде Азия чемпионатына қатысатын болады. Жаттықтырушысы — Бердалиев Думан. Марапаттаудан соң, спорт саласының қызметкерлері мен шәкірттері өз алғыстарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *