Біле жүріңіз

Шымкентте дабыл соғылады


Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында ертең, 2023 жылғы 1 наурызда сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.
Тексеру барысында Шымкент қаласының құлақтандыру жүйесі іске қосылады.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосылу кезінде жүзеге асуы тиіс мынадай іс-қимыл қағидаларын еске салады.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
• радио және теледидарды қосыңыз;
• шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:
• көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Барлық іс-шаралар болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қандай да бір қауіпті факторларының орын алуы немесе туындау қатері және «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!»дабылы бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуына бағытталған.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын жаттығу өткізу кезінде үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранамыз.


Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *