Біле жүріңіз

Шымкентте дабыл соғылады

Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында ертең, 2023 жылғы 1 наурызда сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі. Тексеру барысында Шымкент қаласының құлақтандыру жүйесі іске қосылады. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосылу кезінде жүзеге асуы тиіс мынадай іс-қимыл қағидаларын еске салады. Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз: • радио […]