Қалдықтар
зиянды және қауіпті заттарымен қоршаған табиғи ортаны ластаудың негізгі көзі
болып табылады. Өндіру мен тұтыну қалдықтарының жинақталуы елдің экологиялық
қауіпсіздігіне зиян әкелетін негізгі факторлардың бірі. Қалдықтарды жинау
жүйесі қоғамның, елдің тұрақты дамуына, әлеуметтік-экономикалық
өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосады. Жеке мен көпқабатты тұрғын
үйлер тұрғындары қалдықты талаптарға сәйкес өздерінің үйлерінің алдында орналасқан
немесе белгілі жерге ашылған контейнерлерге жинайды.
Елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаң қатты жабынмен абаттандырылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмауға қажетті биіктікте қоршалады.
Блоктың құрылыс аумағында арнайы қоқыстарды жинайтын автокөліктер үшін подьездерге қолайлы контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөліну қажет. Алаңның құрылыстан арақашықтығы 25 м, сондай-ақ 100м-ден аспау керек. Көпқабатты тұрғын үй маңында арнайы стандартты металл контейнерлерін орнатылады, ал жекеменшік үйлерде ағаш немесе металл жинақтарын пайдалануға жол берілген. Қойылған контейнерлер саны пайдаланатын тұрғын саны және бір тұрғынның шығарған қалдық көлемімен анықталады.
Жазғы уақыт кезінде металл контейнерлерді қалдықтардан тазарту үшін және дезинфекциялауды 10 күнде 1 рет жүргізу керек. Контейнерден немесе күл-қоқыс тасымалдайтын арнайы автокөліктен екінші реттік шикізатты (мата, бөтелке, пластмасса ыдыстары) таңдап алуға рұқсат етілмейді.
Бұл ретте қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығы мен қалдықтарды сақтау орындарының құрылыстарын қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмайтындай етіп оқшаулайды. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-қағидаларға сәйкес талаптарды белгілейді. Жоспарлы-тұрақты санитариялық тазарту – қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі, жерді қалпына келтіру – белгілі мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерлерді, оның ішінде бүлінген жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені болып табылады. Елді мекендер аумағында қалдықтарды жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді рұқсат құжаттары бар мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Қалдықтарды тасымалдау және жинау үшін мемлекеттік және жеке сектор кәсіпорындары пайдаланатын мамандандырылған құрал-жабдықтар пайдалануы керек.
Ж. Ілесова, әл-Фараби аудандық СЭББ-ның санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маманы.