Жыл сайын, 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында Иммундау аптасы өткізіледі.
Қазақстанда иммундау мәселесі денсаулық сақтау аумағында басымды бағыттардың бірі. Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде вацинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендеді.
Иммундау халық сырқаттанушылығын, өлім-жітімі мен жұмысқа жарамсыздығын болдырмаудың емдеу құнына қатысты экономикалық тиімділігі жоғары шарасы болып табылады.
Бүгінде иммундаудың еш баламасы жоқ.
2023 жылы Еуропалық иммундау аптасы сәуірдің 23 мен 29 аралығында өтеді! Иммундау аптасының мақсаты – барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдерінде вакцинациялаудың пайдасы жөнінде халықты және медицина қауымын, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлеріне вакцинациялаудың маңыздылығы туралы хабардар ету.
Иммундау апталығы аясында тұрғындар арасындағы сырқаттанушылыққа әсерін тигізетін егілусіз қалып қойған вакцинадан бас тартушыларға және тіркеусіз, тұрақты мекенсіз өмір сүретін халықтың қиын топтарына ерекше назар аударылады.
Иммундау аптасы қала аумағында тұратын халықтың барлық топтарының назарын иммундаудың маңызына аударуға көмегін тигізеді.
Жекелеген тұлғалардың, ең алдымен, ата-аналардың егу жөніндегі білімін көтеру – өз балаларының егілуіне саналы түрде қарап, олардың уақтылы егілуін қамтамасыз ету.
Қазақстанда вакцинация жасау тегін және қолжетімді.
Бұрын есепке алынбаған, оның ішінде көшіп келген, халық топтарын анықтау және олардың егуін ұйымдастыру бойынша медицина қызметкерлерінің жұмысы орасан зор.
Сондықтан, құрметті ата-аналар, балалардың болашағына үшін, екпе алуына аса назар аударған жөн!
Денсаулық — зор байлық!
Перизат Мақұлбек,
Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.