Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы хабарлағандай кешегі күні жауғ,ан қардың салдары біраз адамды әбіржітіп жатыр.
Шымкеттік өрт сөндірушілері авариялық-құтқару жұмыстарына кіріскен. Естеріңізге салсақ қаңтардың 9,10 күндері толассыз жауған қардан мегаполисте келенсіз жағдайлар көптеп кездесіп жатыр.
Соның бірі кеше, қаңтардың 10 күні (сағ. 11:28-де) Қаратау ауданы, Нұрсат шағынауданында орын алды. Осы мекенжайдағы №114 үйдің ауласында жалпы көлемі 252 ш.м. құрайтын екі бастырма құлап, 5 автокөлікті басып қалған.
«Оқиға орнына Шымкент қаласының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 7 қызметкері мен 2 техникасы авариялық-құтқару жұмыстарына жұмылдврылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ» дейді төтеншеліктер.