Басты жаңалықтар Біле жүріңіз Мәселе

Газға уланып қалмаңыз….


Ауа райы суытқан кезде өрт шығу қауіпі жиілейтіні рас. Алайда тілсіз жау-өртпен қатар бұл кезеңде адам өліміне әкеп соғатын улы газға тұңшығып қалу жағдайлары да көп кездеседі. Уланып қалмаудың қамын жасаған абзал.
Улы газды әдетте «зұлым жаналғыш» деп те атайды – өйткені оның түсі де, иісі де жоқ, ажал құшқан адам оны сол бойы сезбей кетеді. Оған қоса, газ ауамен араласып өзінің улағыш қасиетін жоғалтпаған күйі тез тарайды.
Улы газдан уланудың белгілері:
Улы газ пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды. «Ыс тиіпті» деп жататынымыз бар.
Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында 0,08% көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады (өлім 30 минуттан кейін келеді). Концентрация1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі.

Улы газға тұңшыққандарға алғашқы көмек қандай?

Мұндай жағдайда зардар шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатырса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатырса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Ең бастысы «Жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.

Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныс алу керек.
Расында, қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, уланып қалып жатқандар бар. Демек, кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталап айта бергеннің артықтығы жоқ:

  • тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш салғанда қаланған кірпіштің арасындағы жарықтар, тазаланбаған түтін мұржасы сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
  • пеш пен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін мұржасын уақытылы тазалаңыз, пеш пен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз.
  • автокөлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс істеуге болмайды.

Құрметті қала тұрғындары!

Жоғарыда айтылған ережелерді сақтаған жағдайда, Сіз тұншығып қалу, иіс тию, газға уланудың құрбаны болудан аман қаласыз. Осыны жадыңызда ұстаңыз.

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *