Күнделікті өмірде қажетті азық-түлік және тұрмысқа қажетті азық-түлік емес өнімдерді сатып алу кезінде тұтынушы ретінде қандай нәрселерге баса назар аудару қажет екені жөнінде қысқаша тоқталып кетейік.
Тауар өнііміне қатысты толық ақпаратты өнімнің сыртқы қаптамасындағы таңбалаудан алуды ұсынамын.Техникалық регламент талаптары бойынша таңбалау қалай болуы қажет және қандай мәліметтер алуға болады.
Сонымен өнімді таңбалау дегеніміз не?
Таңбалау-қаптамаға немесе тауарға және басқа да қосалқы құралдарға қондырылған мәтін, шартты белгі немесе сурет. Таңбалаудың негізгі тауар туралы негізгі мәліметтерді тұтынушыға жеткізу, сондай-ақ тауарды сәйкестендіру болып табылады. Яғни, таңбалау арқылы тұтынушы тауар туралы қажеттінің бәрін біле алды.
Айта кету керек, осы деректердің барлығы «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңда және Техникалық регламенттер талаптарында көрсетілген.
Дайындаушы (өндіруші) сатып алушыға тауар туралы мынадай ақпараттарды ұсынуға міндетті:
-тауардың атауы, егер тауар сәйкестікті растау рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісін;
- тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер;
- тамақ өнімдеріне қатысты — құрамы, мөлшері(салмағы), дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары(температуралық режим) туралы мәліметтер:
- тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзалардан тұратын немесе солардан алынған компоненттердің болуы немесе немесе болмауы туралы мәліметтер. Егер бар болған жағдайда «бар» деп көрсетілуі тиіс;
-тауардың шыққан елі, тауардың сатып алу құны мен шарттары, кепілдік мерзімінің болуы немесе болмауы, дайындаушының сауда белгісі, тауардың дайындалған күні мен орны, жарамдылық мерзімі мен (немесе) сақтау мерзімі; - сатушының (дайындаушының) атауы,орналасқан жері, тұтынушыдан шағымдар қабылдауға және тауарды жөндеуге және оған техникалық қызмет көрсетуге сатушы(дайындаушы) уәкілеттік берген жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның(оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан жері;
- Тауар массасының шамасы (нетто), көлемі, саны және жиынтықталымы;
- Кеден Одағы нарығындағы ( ЕАО) өнім айналымының бірыңғай белгісі. Бұл ретте, осы ақпараттардың барлығы міндетті түрде кем дегенде екі тілде- мемлекеттік қазақ және орыс тілдерінде болуы керек.
Қандай да бір тауар өніміне күмән болған жағдайда, есіңізде болсын,тұтынушы тауардың қауіпсіздігін растайтын құжатты (сәйкестік декларациясын) сатушыдан талап етуге құқылы.
Б.Карибаева,
Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы