Қоғам

Ордабасыда тұрғындармен кездесу өтті

Түркістан облысы көлемінде этносаралық қатынастарды дамыту мақсатында облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Азаматтық жауапкершілік пен міндеттілік», «Идеологиялық ваккум түсінігі және оны толтырудың маңыздылығы», «Толеранттылық дегенді қалай түсінеміз» тақырыптарында Қажымұқан және Қараспан ауылдық округі тұрғындарымен кездесулер өтті.

Жиынға аудандық Ақсақалдар кеңесі, Аналар, кеңесі, Этномәдени бірлестік төрағалары, аудан жастары, Дін саласының өкілдері, Ауыл ақсақалдары, ауыл билері мен белсенділері қатысты.
Кездесуде облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов сөз алып, қоғамда азаматтық жауапкершілікті арттыру, елдің ішкі тұрақтылығына кері әсерін тигізетін іс әрекеттер жөнінде сөз қозғады.

Ж.Аршабаева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *