Әлеумет

Маймыл шешек деген қандай ауру?

Маймыл шешек — кеміргіштер мен приматтар сияқты жабайы жануарларда пайда болатын және кейде адамдарға жұғатын вирус. Бұл ауруды ғалымдар алғаш рет 1958 жылы маймылдарды зерттеп жүріп анықтады. Сол кезде «шешек тәрізді» ауру осы жануарлардың арасында екі рет өршіп, жаңа вирус «маймыл шешек» аталып кеткен.Бұл ауруды адамның жұқтырғаны 1970 жылы белгілі болды. Сол жылы қауіпті инфекция Конгоның шалғай ауылындағы 9-жасар баладан табылған. Маймыл шешегі Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездеседі. Көбінесе осы аймақтарда болған адамдар ауруды жұқтырып, басқа мемлекеттерге таратады.
Вирус көбінесе сілекей арқылы жұғады. Ауру адамның түкірігі мен сілекей бөлшектері екінші адамның ішіне түссе, жұқтыру боп саналады. Науқастың ыдыс-аяғы, бет орамалы, ұстаған заттары мен жатқан жерінен де жұғуы мүмкін.
Аурудың басты белгілері:

  • Қызу көтерілу, қалтырау;
  • бұлшық еттер мен бас ауруы;
  • әлсіздік;
  • лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
    -тахикардия, дене қысымының төмендеуі;
  • алдымен бет, қол, кейін бүкіл дене бөртеді,бөрткен жерден ірің шығады, беті қатайып жазылғаннан соң тыртық қалады. Алдын алу шаралары:
  • маймыл шешегінің өршуі тіркелген елдерге барудан бас тарту;
  • шет елдерге шыққан жағдайда жабайы жануарлардан (приматтар, кеміргіштерден) өзін қашық ұстау, бей-берекет сауда орындарында және көшеде тамақтанбау. Тамаққа тек термиялық өңделген етті (азық-түлікті) пайдалану;
  • адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (қашықтық, маскалар, антисептиктер) шараларын пайдалану. Қол гигиенасын сақтау; -сапарлардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, қызба, бөртпе (қызару, көпіршіктер және тағы басқа) байқалса – шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық мекемеге дереу жүгіну. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік! Денсаулығымыз өз қолымызда өзімізді және жақындарымызды жұқпалы аурулардан қорғайық!
    О. Абдукаримов,
    СЭББ бас маман

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *