Емдеу – алдын алу мекемелері – бұл халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі. Атап айтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әртүрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық – емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері – венерологиялық,психо – неврологиялық және т.б.), перзентханалар, балалар және әйелдер консультациялары, жедел жәрдем беретін емдеу мекемелері, шипажай – курорттық мекемелер және т.б. жатады.
Дезинфекция ұғымы дезинсекция және дератизация ұғымдарымен қатар жүретіндіктен,қалың көпшіліктің ұғымын дұрыс қалыптастыру үшін түсіндіре кетейін,яғни «дезинфекция» дегеніміз,ол- сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені болып табылады. «Дезинсекция» -адамды, жануарларды, үй-жайларды және аумақты жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою бойынша профилактикалық және жою іс-шараларының кешені. «Дератизация» – кеміргіштерді жоюға немесе азайтуға бағытталған профилактикалық және жою іс-шараларының кешені.Осы аталған шараларды арнайы рұқсаты бар,мамандандырылған мекемелер жүзеге асырады.
Дезинфекция- ағымдық және қорытынды дезинфекция болып бөлінеді.Ағымдық
дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін
белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция,оны денсаулық сактау ұйымының
медицина қызметкері ұйымдастырады, оны науқасқа күтім жасайтын адам,
реконвалесценттің немесе бактерия тасымалдаушының өзі жүргізеді.Қорытынды
дезинфекция – науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған
соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция,ол арнайы
мамандандырылған мекемемен жүзеге асырылатын шара.Сонымен қатар,деңгейлік
дезинфекция түрлері бар,олар- жоғары деңгейдегі дезинфекция және орта
деңгейдегі дезинфекция. Жоғары деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және
шартты-патогенді микроорганизмдер жойылатын, ал спора саны азаятын
дезинфекция,ал орта деңгейдегі дезинфекция – бактериялар (оның ішінде
туберкулез микобактериясы), вирустар (оның ішінде поливирустар), грибоктар
жойылатын, бірақ спора жойылмайтын дезинфекция. Ондай жағдайда камералық
дезинфекция жүргізу көзделеді.Өз кезегінде,камералық дезинфекция -ол
дезинфекциялау камераларында дезинфекциялау және дезинсекциялау жүргізу тәсілі.
Дезинфекциялауды жүргізу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 152-бабына сәйкес
жүзеге асырылады.Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулығының
жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелет жасына толған, арнайы оқытылған
адамдарға рұқсат етіледі.Дезинфекциялық құралдармен жұмыс жасауға тартылатын
мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 жыл сайын
дезинфекциялау,дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және
жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде
дәрігер қарағанға дейін алғашқы көмек көрсету сұрақтары бойынша нұсқамадан өткізіледі.Дезинфекциялық
құралдар арнайы ыдыста құралдың атауы, оның тағайындалуы, жарамдылық мерзімін
көрсете отырып, өнім берушінің ыдысында (қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі
дезинфекциялық құралды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының және Евразиялық экономикалық комиссиясының қатысушы
мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар
қолданылады. Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыздық белгілері (түсінің
өзгеруі, бөгде элементтердің болуы) бар болған жағдайда дезинфекциялық құралдар
қолдануға жол берілмейді. Ағымдағы дезинфекцияны денсаулық сактау ұйымының
медицина қызметкері ұйымдастырады, оны науқасқа күтім жасайтын адам,
реконвалесценттің немесе бактерия тасымалдаушының өзі жүргізеді. Ағымдағы
дезинфекцияның жүргізілу сапасын зерттеу акредитациядан өткен,арнайы рұқсаты
бар микробиологиялық зертханалармен
жүзеге асырылады. Дезинфекциялау сапасы ағымдық дезинфекциялаудан кейін 50
минуттан кешіктірмей алынған бактериологиялық шайындылардың патогенді емес
микрофлорасына алынған шайындылардың «оң нәтижелі» саны алынған шайындылар
санының 3 %-нан аспаса, дезинфекциялау препаратының қалдық санына алынған «теріс»
экспресс-сынамалар саны 5 %-дан аспаса және дезинфекциялау ерітінділерінің
қанағаттанғысыз талдауының саны 5 %-дан аспайтын болса «қанағаттанарлық» болып есептеледі.
К.Рустемова, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының СЭББ-ның басшы орынбасары.