Uncategorized

Балалардың демалысына мән беру керек 

        Барлық балалар үшін көптен күткен жазғы демалыс басталды. Балалардың бос уақыты көбейген соң, көптеген ата-аналарды баланың демалысын қалай ұйымдастыруға болады деген сұрақ мазалайды. Бүгінгі таңда сіз балаларыңызды мектеп алаңында немесе қала сыртындағы лагерьлерде сауықтыра аласыз.

Әрбір қала сыртындағы лагерь ашылғанға дейін рұқсат беру құжатын, яғни эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

Сауықтыру объектісі санитариялық талаптарға жауап беруі тиіс.  Маусымның ашылуына дейін қала сыртындағы лагерь басшысы жөндеу-қалпына келтіру және алдын алу іс-шараларын жүргізу қажет, сонымен қатар дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізуге шарт жасасу және аумақты кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын атқару тиіс.  Су құбыры желілері мен таза су резервуарын жуу және дезинфекциялауды, сапалы ауыз сумен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету, ауыз су режимін ұйымдастыру, сонымен қатар жағажай аумағында шағын сәулет құрылыстары (бастырмалар, жатақтар, орындықтар, киім ауыстыруға арналған бөлмелер, қоқыс жәшігі, дәретханалар) жабдықталғаның бақылауға алуы шарт. Ас блогына тиісті біліктілігі және медициналық тексерісі бар мамандар ғана жіберіледі, сонымен қатар тамақ өнімдерін арнайы автокөлік тасымалдауы керек.

Маусым басталар алдында медицина қызметкерлері балалардың дене денсаулығын нығайту және шынықтыру бойынша іс-шараларды қамтитын сауықтыру іс-шараларының жоспарын әзірлеуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындау жұқпалы аурулардың және тағамнан уланудың пайда болуын болдырмауға мүмкіндік берумен қатар, балалардың сауығуы мен демалуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Қала сыртындағы лагерьде немесе мектеп жанындағы алаңда ұйымдастырылған демалыстың арқасында балалардың бос уақыты көп болмайды. Ал жазда баланың қауіпсіздігі мен сауығуы ата-аналар үшін ең маңыздысы.


С.Керимбеков, Шымкент қаласы Қаратау ауданы СЭББ жетекші  маманы.                                                                            

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *