Басты жаңалықтар Қоғам

Шымкентте құтқарушылар тұрғындарға төнген қауіпті жойды


Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 2023 жылғы 29 мамырда сағат 23:30-да халыққа көмек көрсету туралы хабарлама келіп түсті.

Әл-Фараби ауданында Жангелдин көшесінің бойында тамырымен бірге ағаш құлады. Ағаш электр сымдарына құлап, өтіп бара жатқан адамдарға және жақын маңдағы көліктерге құлап кету қаупі болды.

Оқиға орнына ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барып, арнайы құралдардың көмегімен ағашты кесіп тастады.

Тұрғындарға қауіп жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *