Біле жүріңіз

Дұрыс тамақтану маңызды

Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты жұқпалы емес алиментарлық аурулар жүрек-қантамыр, диабет, семіздік, анемия және тағы басқа аурулар жасаруда. Ұзақ өмір сүру үшін, жас ұрпақтың дұрыс дамып өсуі үшін дұрыс тамақтанудың маңызы ерекше.

Тамақтану адам ағзасына әсер ететін көптеген сыртқы орта факторларының ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Дұрыс тамақтану адамның дұрыс өсуін және ағзаның дамуын, сонымен қатар денсаулықтың сақталуын, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етіп, адам өмірінің ұзақтығына әсерін тигізеді.

Дұрыс тамақтану ағзаның энергетикалық шығынын толықтырып, керекті дәрумендермен қамтамасыз етсе, диеталық тамақтану тиімді және емдік маңызы да аса үлкен.

Диеталық тамақтану әр түрлі созылмалы ауру құбылыстарының қайталанбауының, асқынуының алдын алуда маңызды рөл атқарады, әсіресе емдеу профилактикалық мекемелерінде.

Ұйымдарда, сонымен қоса санаторийлік және сауықтыру объектілерінде емдік-профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру кезінде тамақтану рационы алуан түрлі және химиялық құрамы, тағамдық құндылығы, тамақ өнімдерінің жиынтығы, тамақтану режимі, оның теңгерімділігі бойынша емдік мақсаттарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

Ағзаның ауру сипатына байланысты тағам құндылығы, пайдалануға болатын азық-түлік өнімдері көрсетілген бірнеше диеталық мәзірлер қарастырылған, сонымен қатар аурудың түріне байланысты тұтынуға болмайтын тағам өнімдері де бар.

Алдарқұл Ахметов, Шымкент қ. СЭБД басшысының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *