Әлеумет Қоғам Шымкент

Жоспарымызды жүзеге асырамыз

  • Дәйек сөз

Әбунасыр ЖАНБАТЫРОВ, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы:  

– Қала аумағында егістік пен жайылымды жердің қысқарғанына қарамай біз ауыл шаруашылығына қатысты жоспарларымызды жүзеге асыруды тоқтатпақ емеспіз. Сондықтан, өнім көлемін арттыру мақсатында мал шаруашылығына, оның ішінде сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қараның басын көбейтуді көздеп отырмыз. Қазіргі таңда қала аумағында 73,9 мың бас ірі қара, 15,4 мың бас жылқы, 82,5 мың бас ұсақ мал, 3,1 мың бас шошқа және 877,1 мың үй құсы тіркелген. Осының ішінде мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара бар. Мал шаруашылығын дамыту үшін 1 млрд теңгеден астам мемлекеттік қолдау бөлінген. Оның ішінде 185,1 млн теңгесі малдың жем-шөбіне беріледі. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, биыл 9,1 мың тонна ет, 52,3 мың тонна сүт және 154,0 млн дана жұмыртқа өндіруді жоспарлап отырмыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *