Шымкент

Мал шаруашылығындағы маңызды іс

Шымкент қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша қала аумағындағы үй жануараларын есепке алуда «Таңба» ақпараттық жүйесінің рөлі жоғары болып тұр. Бұл орайда қала тұрғындарына түсіндіру ақпараттық жұмыстар кеңінен қолға алынған.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын есепке алу, оның ішінде иттер мен мысықтарды тіркеу міндеттелгені белгілі.  

Үй жануарларын есепке алу оның иелері есебінен ақылы негізде жүргізілетіні белгілі. Десе де иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу Ережеге сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізілетінін де түсіндірілуде.

Үй жануарларын тіркеу рәсімін жеке ветеринариялық клиникалардың немесе мемлекеттік ұйымдардың ветеринарлық дәрігерлері жүзеге асырады. Үй жануарларының иелері жануарын тіркету үшін ветеринариялық клиникалар мен мекемелерге хабарласса болғаны. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жануардың иесі өз жануарларын ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық талаптарды сақтай отырып ұстауы керек. Есепке тұрғызып, уақтылы вакцинациялануына, өз жануарына жауапкершілікпен қарауына және қатыгездік көрсетпеуге міндеттеледі. Өзге адамдардың денсаулығына зардап келтірмеуге, басқа жануарларға зиян болмауы үшін қауіпсіздік шараларын қолдануы, қоршаған ортаның, қоғамдық орындардың ластануына жол бермеуге тиісті.

Жан-жануардан ұрпақ алу қажет болмаса, үй жануарларын өз қаражатынан стериилизация немесе кастрация жасатуға міндетті. Сонымен қатар жануарларға жауапсыз немесе қатыгездікпен қараған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес айыппұл қарастырылғаны да тұрғындарға түсіндірілуде. Бұл орайда әсіресе, ет, сүт өнімдерін беретін ірі қара малдың, қой-ешкінің, жылқының амандығы, мал арасындағы жұқпалы кеселден сау болуы да маңызды шаруа. Мал егесі қорасыныдағы төрт түлгінің ауру-сырқаудан аман болуына аса мән беруі керек. Себебі, оның зардабы ет, сүт өнімін тұтынатын өзіне, отбасына, ағайын-туысына залалын келтірері сөзсіз.

Қала халқының денсаулығын қорғауда малда, үй жануарларында болатын ауруларды дер кезінде анықтап, кең таралмауының алдын алу жұмыстарының маңызы жоғары. Шымкентте жыл сайын дәстүрлі түрде 14 түрлі (құтыру, лептоспироз, листериоз, пастрелиоз, сібір жарасы, күл, қарасан, оба, эккима, брадзот, туберкулез. т.б.) жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық алдын ала егу, диагностикалау, бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіп келеді.

– Соның ішінде ірі қара мен ұсақ малға екпесін өз уақытында егуге жіті назар аударамыз. Биыл осы кезге едйін 715 400-ден астам үй жануарларына профилактикалық екпе егілсе, 126 400-дей малдан диагностикалық қан сынамасы алынды. Сонымен қоса, 16 404 қозы-лақ, 12 386 бұзау, 2 118 тай-құлын сырғаланып, құжаттандырылды. Тұрғындардың өтініш-арыздары бойынша қараусыз қалған және қаңғыбас ит-мысықты аулау жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Көбі «I komek – ахуалдық орталығы» мен аулау қызметінің байланыс нөмірлері, әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштер негізінде жүзеге асуда. Мысалы, соңғы кезде тұрғындардан 2,5 мың өтініш келіп түскен. Соның негізінде 12 300 ит пен 3200 мысық ауланып, оның ішінде агрессивті және емделмейтін аурулармен ауыратын ит-мысықтар тыйым салынбаған препараттармен (эвтаназиямен) ізгілікті жансыздандырылды. Бұл бір жағынан жұқпалы аурулардың таралмауына, екінші жағынан қала тұрғындарының қауіпсіздігіне септігін тигізеді, — дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветернариялық басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры Сырым Әбдіхалықов.

Ветиринар мамандар көктем мен күзде қора-жайларды залалсыздандыру, малды тоғыту ісінде де қырағы. Тұрғындар шаруашылыққа мал сатып алса, ең алдымен вет-бекеттерге хабарласуы тиісті екендігін ескертеді. Мамандар малды арнайы тіркеуге алып, қауіпті аурудан амандығын тексеруі қажет. Бұл қызмет үшін мемлекеттен қаржы қаралған. Тұрғындар тек дер кезінде хабар берсе болғаны. Қызмет тегін көрсетіледі.  

Шымкенттік білікті мамандардың нәтижелі жұмысының арқасында соңғы үш жылда малдан адамға ауру жұғу жағдайы тіркелмеген.

       

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *