Қоғам Шымкент

Инфрақұрылымдарды жақсарту басты назарда

Шымкентте қазір жол жөндеу жұмыстары қыза түскен. Инфрақұрылым жүйесін жақсарту, әсіресе, шалғай шағынаудандар мен елді мекендерді абаттандыру мәселесі басты назарда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде үкіметке тапсырма берген. Бұл тапсырманың Шымкент қаласында орындалу көрсеткіші жақсара түскен.

Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы Шымкент қаласының оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1- санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады.

Бұл  туралы бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басшысы М. Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды.

Жиынға Шымкент қаласы тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов пен жол саласындағы жауапты мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері мен құрылыс және жөндеу жұмыстарының жобалары таныстырылды.

Жол салу мәселесі шағынаудандарда бірінші кезекте қолға алынып отырған жоба. Бәрін біртіндеп тарқатып айтар болсақ, былай:

Бозарық

Негізі Шымкент қаласында Бозарық деп аталатын 2 елдімекен бар. Олар территориялық ауқымына қарай бөлінеген. Яғни Бозарық шағын ауданы және саяжайы болып екі елдімекен. Қаланың жаңа құрылымдық жоспарына сай қазір Бозарық шағын ауданы Абай ауданына қарайды. Ал Бозарық саяжайы Қаратау ауданының аумағында орналасқан.

Алдымен Бозарық елдімекенінің жайына тоқталайық. Қаланың динамикалық даму бағытында орналасқандықтан мұнда маңызды нысандар соңғы жылдары көптеп салынуда.

 Абай ауданына қарасты Бозарық шағын ауданында 7 мыңнан аса халық тұрады. Яғни, 1 285 жеке секторлы тұрғын үйі, 1 мектеп және 1 балабақша, 2 спорт алаңшасы бар шағын ауданда электр жүйесі 100 пайыз қамтылған. Дегенмен, ауыз су және табиғи газ мәселесі әлі де шешімін табу кезеңінде. Мәселен, шағын аудан ауыз сумен 52% қамтылған, бұл 670 үй санын білдіреді, ал 48% ескі жүйемен тұтынады. Ескі жүйедегі 615 үйге қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленген. Бірінші кезеңнің жоба құны 1,7 млрд.теңгені құрайды. Жалпы жоба құны 4,5 млрд теңге болғандықтан, қалған 2-інші және 3-інші кезеңі Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайында іске асырылады.

Табиғи газ тұтыну көрсеткішіне келсек, дәл қазір аталған шағын аудан 52% табиғи газбен қамтылған. Жеке меншік жүйедегі 615 үйге ЖСҚ әзірленді. Бірінші кезеңге жоба құны 1,7 млрд.теңге. Жалпы жоба құны 4,5 млрд теңге, сондықтан жоспарда көрсетілгендей 2,3 кезеңі Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайында орындалады.

Сондай-ақ, шағын ауданда 45 көше бар, оның 16-сы асфальтталған, 29-сы тас жол. 2024-2025 жылдары 19 көше асфальтталады деп күтілуде. Ал жарықтандыру бойынша биыл Бөріжар және Бүлдірген көшелеріне жарық қондырылуда. Сонымен қатар 2023 жылдың екінші жарты жылдығында интернетпен қамту мақсатында 2 базалық станция орнатылады.

Айта кетейік, Бозарық шағын ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 54 көп қабатты тұрғын үй бой көтеруде.

Енді Қаратау ауданына қарасты Бозарық саяжайының жәй-күйіне тоқталайық. Бүгінде мұнда да жол құрылысы қарқын алған. Айта кету керек, саяжай аумағында 8000 мыңнан аса халық тұрады. 2 120 үй түтінін түтетіп отыр. Тұрғындар үшін 1 мектеп, 4 балабақша қызмет көрсетеді. 2 спорт алаңшасы бар. Жаңадан 1 спорт мектебінің құрылысы басталды.

Саяжай аумағындағы жалпы 74 көшенің 13-і асфальтталған. 56-сына шағал тас төселсе, 5-еуі тас жол. Биыл Бозарық саяжайының 17 көшесіне асфальт төселуде. Оның ішінде Егеменді Қазақстан, Наркескен, Саяжай, Алмасқылыш, Балқадиша, Айқаракөз, Өскен өңір, Ерлік тау, Сұлутау, Көрімдік, Арғанаты, Бұғынай, Бұрма, Шідерті көшелерінің асфальттау жұмысы аяқталып, қолданысқа берілді. Аз күнде Қалқаман-Мамыр, Құдырет көшелері бітуге таяу.

Бозарық саяжайында жалпы 2024 жылы 14 көше, 2025 жылы 22 көше асфальтталады. Жоба-жоспар осылай құрылып отыр. Сәтін салса саяжай тұрғындары жаңа жолдың рәтін көрмек. 

Десе де тұрғындар жылдар бойына ауызсу мен газбен қамтамасыз етуді талап етіп келген. Бұл мәселенің де шешілер күні алыс емес. Ауызсу, газ құбырын тарту жұмыстары басталып кетті. Мемлекеттік электр жүйесіне қосылу жұмыстары жандана түскен. 2023-2024 жылдар аралығында 3 кезең бойынша құны 4,5 млрд теңге болатын жоба арқылы Бозарық саяжайы тұрғындары толықтай ауызсу, газ және электрмен қамтылады деп күтілуде.

Яғни 1-кезектегі жоба  (құны 1,7 млрд.теңге) бойынша 305 абонент ауызсумен, 305 абонент электрмен,  1091 абонент газбен қамтамасыз етілмек. 2-кезектегі жоба (құны 0,8 млрд.тг) негізінде 445 абонент ауызсумен, 401 абонент газға қол жеткізеді. Ал 3-кезектегі жобаға (құны 1,9 млрд.тг) сәйкес 702 абонент ауызсу, 702 абонент электр,  700 абонент табиғи газ тұтынуға мүмкіндік алады.

Қазір құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында мердігер мекеме анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Құрсай

Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде 20 мыңға жуық халық бар. Аталған елді мекенді сапалы инфрақұрылыммен қамту біраз уақыттан бері басты жоспарға айналған-ды. Сәті түскен уақыт-қазіргі таңда Құрсай елді мекенінде бірнеше нысанның құрылысы қарқын алды. Атап айқанда, Тұрбат, Шеңбертал, Таңбалы тас,  Мәмешов тұйығы, Зайсан,   Өскент көшелеріне асфальт салынды. Сонымен қатар, Сатқанбайұлы, Бекболатов, Құлантөбе, Құлантөбе өткелі, Әулиекөл, Егізтөбе көшелерінде құрылыс жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Агрофирма Құрсай елдімекені Сарытау соңы, Ақбастөбе көшелеріне жол салу құрылысы жүруде. 2023 жылдың соңына дейін Құрсай елдімекені бойынша 40 көшеге 16,4 шақырым шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде дейін 32 көшеге 15,2 шақырым шағал тас төсеу жұмысы аяқталды.

Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да назардан тыс қалмауда. Бүгінгі күнге дейін Аққыстау және Қармақшы көшелері жарықтандырылса, Таңатар көшесін де жарықтандыру жоспарланған.

Сондай-ақ, ауыз су мәселесі жыл соңына дейін шешімін табатын болады.

Көпқабатты үйлерді жөндеу

Қаланы көркейту, абаттандыру ісінде жол салу ғана емес, көпқабатты ескі үйлерді жөндеу де басты назарда. Мысалы, Абай ауданына қарасты Әл-Фараби көшесі №21 үйдегі күрделі жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталып, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 10 күннің ішінде толық бітіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта шатыры толық ауыстырылып, қасбет жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жөндеу жұмыстарына 12 адам жұмылдырылған. Тұрғындардың өтініші бойынша мердігер компания кіреберісті де реттеп бермек.

Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры және артқы фасады ретке келтіріліп қойған. Енді бірнеше күннен кейін тұрғын үй жаңа кейіпке енбек.  Шаһарда тозығы жеткен үйлерді жаңғырту жұмыстары осылайша кезең-кезеңімен атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *