Біле жүріңіз

Гепатит – бауырдың қабынуы

Вирустық гепатит — 5 вирусының бірімен шақырылатын  бауырдың қабынуы: A, B, C, D және E. Бұл вирустар әртүрлі жолдармен беріледі: А және Е гепатиті — ластанған тамақ өнімдері мен су арқылыберіледі; В гепатиті — қауіпсіз емес қан және ағзаның басқа да сұйықтықтары арқылы; С гепатиті — негізінен жұқтырылған қан және D гепатиті арқылы — В гепатиті жұғу жолдары: Аурудың таралу, жұғу механизмінің әртүрлі болуына байланысты гепатит түрлері 2 топқа бөлінеді: энтеральды  (ауыз қуысы арқылы) – А, Е гепатит түрлері және парентеральды (қан арқылы) жұғу — В; Д; С; G гепатит түрлері. Гепатит «А»: — тұрмыстық қатынас жолымен – жеке бас тазалығы сақталмағанда, лас қол, ыдыс, ойыншық, тұрмыстық заттар арқылы; — су арқылы – лас суға түскенде, абайсызда су жұтып қойғанда және вируспен ластанған суды ішкенде; — тамақ арқылы – жуылмаған көкөніс, жеміс-жидек жегенде жұғады. Гепатит «Е» су арқылы. Гепатит В,  С, Д, G: — жарақаттанған тері, шырынды қабық арқылы егер вирус «тасымалдаушымен» тығыз қарым-қатынаста болса, (маникюр, педикюр, жиынтығы, мәуіт, тіс шеткасы және басқа да жеке бас гигиена құралдарын ортақ пайдаланған жағдайда); — қан құйылған кезде не одан дайындалған дәрілік заттарды пайдаланған кезде; — кез-келген манипуляция жасау кезінде дұрыс, сапалы өңдеуден өтпеген медициналық бұйымдар арқылы; — парентеральды жолмен наркотиктер қабылдағанда; — сұлулық салоны мен шаштараздарда маникюр, педикюр, татуаж, татуировка жасатқанда егер санитариялық ережелер дұрыс сақталмаса; — баланы сүндетке отырғызғанда; — ауру анасынан туу жолдары арқылы нәрестеге жұғады.
Гепатитің алдын алу шаралары: Гепатит түрлеріне қарсы вакцинамен егу гепатиттің тек 2 түрінде жүргізіледі: А және В түрінде. Гепатит А-ға қарсы: — екі жастағы балалар; — АВГ ошағында байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптаны қоса алғанда он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар; — он төрт жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі науқастар егіледі. Егу курсы арасына 6 ай салып, 2 рет егіледі. Гепатит В түріне егілуге тиісті контингенттер: — нәресте дүниеге келгенде 12 сағат ішінде, 2, 4 айлық жасында; — барлық медицина қызметкерлері; — вирусты гепатит В ауруы ошағындағы отбасы мүшелері; — қан, оның компоненттері мен препарат- тарын құйдыртқан – реципиенттер. — меншік нысанына қарамастан медициналық бейіндегі жоғары және орта білім беру ұйымдарында оқитын адамдар; — алғаш анықталған АИТВ инфекциясын жұқтырғандар; — жиілікке қарамастан гемодиализге және тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға жататын алғаш адамдар; — онкогематологиялық науқастарға вакцинациялау жүргізіледі.

Алдың алу шарасы – қарапайы гигиеналық талаптарды сақтау дәретханадан соң тамақтанар алдында қолды сабындап жуу; қайнатылған су ішу; — көкөніс пен жеміс-жидекті мұқият жуып жеу; — тек шомылуға болатын жерлерде суға түсу (шомылғанда суды жұтып қоймауды қадағалау); — жеке бас тазалығына арналған заттарды тұтыну (орамал, мәуіт, бет орамал және т.б.); — ыдысты, үй-жай, мектепті таза ұстау; — мектеп ішін оқушылардың жуып-тазалауына тыйым салу; — салауатты өмір салтын ұстану; — сұлулық салоны мен шаштараздарда маникюр, педикюр, татуаж, татуировка жасатқанда әр тұтынушыға жеке құралды қолдану, санитариялық ережелерді қатаң қадағалау.

М.Сатымбекова, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының СЭББ-ның бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *