Өмірдің өзі

Газдан уланған науқасқа қандай көмек бере аламыз ?

Тұншықтырғыш газ — иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше минут ішінде — ақ өліп кетуі мүмкін. Газдан улану сирек кездесетін құбылыс емес, сондықтан ондай жағдайда алғашқы көмектің қалай көрсетілетінін әркім білгені жөн.

Улы газдардың бірнеше түрі бар. Күкіртті сутек газы — басқа газдарға қарағанда біршама жағымсыз иісі бар, өндіріс орындарында (шахтада, қызылша — қант зауытында, жасанды жібек өндіру фабрикасында, балшықпен емдеу орындарында, мұнай өңдеу орындарында, мұнай өңдеу зауыттарында, т.б) болады. Ал адамдармен  «етене араласып», залалын жиі тигізетін тұрмыстық газ бен тұншықтырғыш газдар.

        Техникалық ақау, салғырттық, өртке қарсы шаралардың қолданылмауы салдарынан тұрмыстық газ бен тұншықтырғыш газдан улану жағдайы көбірек тіркеледі. Өрттің салдарынан түзілетіндіктен, бұл газбен улану жабық ғимараттың өртенуі кезінде болады. Ең көп тараған кездері — газ және май пештері, ағаш пеші, газ құралдары, бассейндердегі жылыту құралдары және қозғалтқыштар, жанып біткен газ шығарушы құбырлар. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар — бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге таралуына әкеліп соғады. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да, улану қауіпі күшейе түседі. Газдан уланудың алдын-алу жағдайлары жылына 2 рет көктемде және күз мезгілдерінде, әсіресе күзде газ, түрлі жылыту құрылғыларын арнайы мамандардың көмегіне жүгініп тексеріліп тұруына көңіл бөлуіміз қажет. 

Көмекті неден бастаймыз? Газдан қатты уланғанда зардап шегушіні жылдам аурханаға жеткізіп, медициналық ем жасалуы міндетті. Ауруханада тұншықтырғыш газға қарсы әрекет ететін ангидот — ацизол тағайындалады. Ал ауруханаға жеткенге дейін алғашқы көмек көрсетілуі тиіс. Себебі, улы газ дем арқылы ағзаға түсе сала гемоглобинге араласады да, карбоксигемоглобин түзеді, тіңдерге оттегінің жеткізілуіне кедергі жасайды, миға орны толмас зақым келтіруі, жүрек — ауруы бар адамдардың кеуде тұсы ауыруы немесе жүрегі қысылуы мүмкін.

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК:
1.Улы газдың келуін тоқтатыңыз;
2.Жапа шегушіні таза ауаға шығарып, жатқызыңыз;
3.Киімінің түймесін ағытып, белдігін шешіңіз, тыныштандырыңыз да таза ауамен дем алдырыңыз ( газетпен желпіңіз, желдеткіш немесе кондитционер қосыңыз);
4. Егер зардап шегуші есінен танған болса, жүрегіне жабық массаж жасаңыз және жедел жәрдем келгенше немесе есін жинағанша жасанды демалдырыңыз;
5.Нашатыр спиртін иіскетіңіз не самай тұсына жағыңыз;
6.Аяғының астына жылытқыш қойыңыз;
7. Зардап шеккен адам есін жиып отырса, оны лоқсыту керек, содан кейін ыстық шай, кофе немесе қышқыл сусын (1литр суға 1 ас қасық ас содасы қосылған) ішкізіңіз;

      Бұл әрекеттер уланушының есін жинауына және ағзадағы көмірқышқыл газын шығару үшін зат алмасуды жақсартуға бағытталған.

       Есіңізде болсын, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығару кезінде, алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді, уланып қалмауыңызды ойлаңыз. Ол үшін тез қимылдау керек және орамалмен мұрынды байлап алу керек.

Күкірт сутек газына уланғанда:
1.Зардап шегушіні таза ағауа шығарады;
2.Мұрны мен көзін тазе сумен жуады;
3.Немесе суық нәрсемее басу керек;
4.Егер жұтқыншақта, жоғары тыныс жолдарында ауырсыну болса, сода еріткен сумен шаю керек.
Жапа шегушіні міндетті түрде дәрігердің тексеруіне жеткізіп дәрігерлік көмекке жүгіну қажеттігін ескертеміз.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының

СЭББ-ң санитариялық- гигиена бөлімінің жетекші маманы Н.М.Сурашова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *