Uncategorized Біле жүріңіз

Тұмау

Күн суытып келеді, мұндай маусымда тұмау вирусы өршиді. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Сондықтан тұмау мен салқын тиіп ауруды шатастырып алмауымыз керек.

 Аурудың қоздырғышы – вирустар, олардың үш типі: АВС бар. Өте жұқпалы ауру. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады.

Тұмау – бұл вирус, өткір респираторлық инфекция, яғни тыныс алу жолдарының ауруы. Тұмау вирусы жұқпалы және адам ағзасына түссе өршіп кетуі мүмкін.

Кейде іштің ауыруы және диарея байқалады. Тұмау кезінде дене температурасының жоғарылауы бірнеше күнге созылуы мүмкін, дененің қызуы температура түсіретін дәрілердің әсерінен төмендемейді. Егер ауру асқынусыз болса, тұмау 7-10 күнге созылады. Осы уақыт ішінде тұмаудың белгілері біртіндеп жойылады, ал жалпы әлсіздік екі аптаға дейін созылуы мүмкін.

Басқа өткір респираторлық инфекциялар сияқты тұмаудың да жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр түрлері бар.

 Дене температурасы күрт көтерілген жағдайда мүмкіндігінше тезірек дәрігерден кеңес алу керек.

Тұмау вирусы тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларына әсер ететіндіктен, аурудың асқынуы бактериялық ауруларға, соның ішінде бронхит, пневмония (өкпенің қабынуы), отит (құлақтың қабынуы) сияқты аурулардың өршуіне себеп болады. Жалпы,  тұмау науқастың созылмалы ауруларын күшейтуі мүмкін.

Тұмаудың алдын-алудың тиімді әдісі – иммунды жүйені жыл бойы күтініп ұстау. Иммунитетті күшейтудің әртүрлі әдістері бар, соның ішінде:

• спортпен айналысу;

• дұрыс және уақытылы тамақтану;

Тағы бір негізгі медициналық әдіс – бұл вакцина. Тұмау маусымы басталардан 2-3 ай бұрын (әдетте қазан-қараша айларында) вирустың белгілі бір түріне (штаммына) вакцинация жасалады. Сондай-ақ эпидемия кезінде вирусқа қарсы препараттарды профилактикалық шара ретінде қолдану ұсынылады. Гигиеналық ережелерді сақтау, науқас адамдардан аулақ жүру, медициналық маска тағу, отбасы мүшелері ауырған кезде тазалыққа көңіл бөлу, бөлмені жиі желдету аурудың пайда болу мүмкіндігін азайтады.

Салауатты өмір салтын ұстану- тұмаудың алдын алуға көмектеседі. Дендеріңіз сау болсын!

Л.Туртаева, Еңбекші ауданының  СЭББ басшы орынбасары


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *