Құқық

Шымкентте VIP-нөмірлер 1 млрдтан астам теңге жинады

Шымкентте бірінен бірі асып түсуге құмар жандар әлі де көп сияқты. Олар әсіресе, көліктеріне VIP нөмір сатып алудан бәсекеге түсуде. Соның айғағы болар, былтыр Шымкентте 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері тез сатылып кеткен. Жылдам сатылған мұндай нөмірлердің әрқайсысы үшін көлік иелері 57 АЕК бойынша ақша төлеген. 1 АЕК-тің құны биыл 210 444 теңгені құрайды.

Ол ол ма, VIP-нөмірлер қатарында әріптері бірдейінің құны тіптен қымбат. Бағасына қарамайтындар ең қымбат 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 санды нөмірлерді де тез сатып алған. Мұндай нөмірдің әрқайсысы 285 АЕК тұрады. 2024 жылы бұл 1 052 220 теңгеге тең.

ҚазақстандаVIP-нөмірлерді сату ісі 2014 жылдан бері тәжірибеге енді. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған төрт бірдей ХҚКО-да былтыр жоғарыда келтірілгендей, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің 4 мыңнан астамын сатылған.  Осылайша бюджетке VIP нөмірден 1 млрд 325 млн теңгеден астам қаражы түскен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда едәуір көп. Яғни мақтанымпаздық пен данғазалыққа құмарлар қатары көбейе түскен. Екінші жағынан алғанда қымбат нөмірді сатып алуға қабілеттілердің де көбейгенін аңғаруға болады.
Десе де, VIP нөмірлер үшін жол жүру ережесінде айрықша жеңілдік жоқ. Заң бәріне ортақ. Полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған жүргізуші көлігінің ерекше нөміріне қарай емес, жіберген заңсыздығына қарай жазаланатынын айтады. Олай болса, қаржы шығындап, көлікке тым қымбат нөмір тағу не үшін қажет?  

Айтпақшы, 2023 жылы қаланың мамандандырылған ХҚКО-ларында 300 мыңнан астам көлік тіркеліп, 100 мыңнан астам жүргізушіге көлік жүргізуге құқық беретін куәлік берілген. Жылдан жылға жолда көлік көбейіп барады…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *