Мәселе Шымкент

Жол құрылысында сапаға мән берілуде


Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Жалпы алғанда осынша жолдың асфальттанған жол санаты 63,6 пайызды құрайды. Қалғаны асфальттауды күтуде.

Мемелкет басшысы өз Жолдауында автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керектігін тапсырған болатын. Тіпті, 2025 жылға дейін жергілікті жолдың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берген-ді. Тапсырманың орындалуын өз бақылауына алған Үкімет бұл орайда аймақ басшыларына мәселенің белгіленген мерзімге дейін шешілуін шегелеп айтқан. Халықтың игілігі үшін жасалып отырған істі жүзеге асыруда Шымкент қалалық әкімдігі сала мамандарымен нақты жұмыс жоспарын түзді. Соған сәйкес, қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни шағал тас төселген (31,5 пайыз) көшелердің мәселесін шешуге жең түре кіріскен. Мәселен, былтыр қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне, жалпы алғанда 287,8 шақырымға құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ал, биыл 256,8 шақырым жол жөнделуі жоспарланған.

Орайы келгенде айта кету керек, былтыр сала мамандары еліміздің үшінші мегаполисіндегі жолдың 67,4 пайызы ғана жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп баға берген. Биыл бұл көрсеткішті 71,2 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Яғни жол құрылысында сапаға үлкен мән берілуде. Қазірге дейін Шымкент қаласының магистралды және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары (256,3 шақырымды құрайтын) 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Енді орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.

Құрылыс жұмыстарының сапасына айрықша мән берілуде. Тас төселгеннен бастап, асфальттың талапқа сай төселуіне дейін арнайы мамандар тобы тексеруден өткізуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *