Маймыл шешегі –вирус тудыратын сирек кездесетін вирустық зооноздық ауру. Маймыл шешегінің вирусы Poxviridae тұқымдасының ортопоксвирустар тұқымдасына жатады. Ортопоксвирус тұқымдасына шешек (шешек тудыратын) және сиыр вирусы кіреді. Алғаш рет 1958 жылы зерттеудегі маймылдар колонияларында шешек ауруының екi рет жоғары тіркелген жағдайы анықталды, сондықтан «маймыл шешегі» деп аталды. Адамдардың маймыл шешегі ауруымен ауырған алғашқы жағдайы 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасында шешек ауруын жою бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңде тіркелді. Содан бері маймыл шешегі Орталық және Батыс Африканың басқа елдерінде: Камерун, Орталық Африка Республикасы, Кот-д’Ивуар, Конго Демократиялық Республикасы, Габон, Либерия, Нигерия, Конго Республикасы және Сьерра-Леондо адамдар арасында тіркелді. Конго Демократиялық Республикасында ауру көбірек тіркелді. Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі – жабайы жануарлар: приматтар және кеміргіштер (тиіндер).
Инфекция ауру жануардың қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған кезде, сонымен бірге ауру жануардың етін жегенде жұғады. Маймыл шешегі жұғуы жануарда, адамда немесе вируспен ластанған материалда вирусы болған кезде жұғады. Вирус ағзаға тері жарақаты, тілімі арқылы (тіпті ол көрінбейтін болса да), тыныс алу жолдары немесе шырышты қабаттар (көз, мұрын немесе ауыз) арқылы енеді. Жануардан адамға жұғу тістеу немесе тырнау, жабайы жануарлардың етін тұтыну, дене сұйықтықтарымен немесе төсек-орын сияқты ластанған заттармен тікелей байланыста болғанда беріледі. Вирус адамнан адамға негізінен ауа тамшылары арқылы беріледі деп есептеледі.
Тыныс алу тамшылары әдетте бірнеше метрден артық қозғала алмайды, сондықтан ұзақ уақыт бетпе-бет байланыс қажет.
1) жабайы жануарлармен – приматтармен (маймылдар) және кеміргіштермен (тиіндер) байланыс;
2) маймыл шешегімен ауыратын адаммен жақын физикалық байланыс (вирус ағзаға тері жарақаты мен тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз, дене сұйықтықтары арқылы енеді);
3) ауа тамшыларымен (науқаспен бірге үй-жайда болған кезде) және тері жарақаты немесе пациенттің биологиялық сұйықтықтары бар заттармен жанасу арқылы жұғады. Жасырын (инкубациялық) кезең 5-тен 21 күнге дейін. Адамдарда дене қызуы пайда болуы, дененің қақсауы, әлсіздік, папулезді бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ісінуі, бас айналуымен сипатталады.
Маймыл шешегі вирусын жұқтырудың алдын алу үшін бірқатар шараларды қабылдау қажет:
• Вирусты тасымалдауы мүмкін жануарлармен (соның ішінде ауру жануарлар немесе маймыл ауруы аймағында өлі табылған жануарлар) байланыста болудан сақтану;
• Ауру жануар жанасқан төсек-орын сияқты кез-келген материалдармен жанасудан аулақ болу;
• Ауруды жұқтырған науқастарды жұқтыру қаупі бар басқа адамдардан оқшаулау;
• Ауру жануарлармен немесе адамдармен байланыста болғаннан кейін қол гигиенасын сақтау. Мысалы: қолды сабындап, сумен жуу немесе спиртті негізіндегі залалсыздандыратын сұйықтықты қолдану;
• Науқастарды күту кезінде жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану.
Арнайы профилактика мақсатында шешек вакцинасын қолдануға болады, оның осы инфекцияға қарсы тиімділігі 85% құрайды.
Жазғы каникулдың және демалыс маусымының басталуымен, көпшілік жиындар, фестивальдардың (оның ішінде Еуропалық аймақта) өткізілуіне байланысты ұсынылады:
1) шешек ауруы бар Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) бармай тұру (әсіресе балалармен);
2) шет мемлекеттерге барған кезде жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланысқа жол бермеу, өздігінен және көше саудасы орындарында тамақтанбау, тек термиялық өңделген етті (өнімдерді) пайдалану, адам көп жиналатын орындарға барған кезде алдын алу шараларын қолдану; (арақашықтықты сақтау, бетперделер, дезинфекциялау құралдары), қол және тыныс алу гигиенасын сақтау;
3) сапардан оралғанда 3 апта бойы денсаулық нашарлағанын сезінгенде, дене қызуы көтерілсе, бөртпе (қызару, көпіршіктер және т.б.) пайда болса, тез арада медициналық ұйымға хабарласу, шетелде болғаны туралы міндетті түрде хабарлау;
4) әрбір жанұяда ұлды «ұлдай», қызды «қыздай» жыныстық тәрбиелеу, әсіресе гей мен гомосексуализмнен.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында маймыл шешегіне күдікті аурудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.
Б.Кудешова, Еңбекші ауданының СЭББ бөлім басшысы