Қоғам

Ботулизм бас ауруға айналмасын десек…

«Қыстың қамын жазда ойла» деген қағиданы ұстанған қыз-келіншектер осы күндері тұрмыстық жағдайда көкөністерден, жеміс-жидектерден салаттар мен тұздықтар жасауда. Оны ертең қыста дастарханға ашып қойып, қонаққа ұсынады. Ал, сол банкаларда ботулизм таяқшалары болмасына кім кепіл?

         Ботулизм — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық ауру түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин -органикалық улардың ең күштілерінің бірі, адам үшін өлтіретін мөлшері болып 0,035 мг токсин саналады. Токсин физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді, оны 10-20 минут қайнатқанда бұзылады.          

         Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың, балықтардың ішек жолдарында, топырақта, көңде, жеміс-жидекте, жем-шөпте, мал азықтарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталып жата береді.

         Ботулизм ауруының 90%-ы тұрмыстық жағдайында дайындалған саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, ет, балық консервілерін және тұздалған, ысталған балық, шұжықта, сүрленген шошқа етін пайдаланғаннан болады, яғни технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда орын алады.

        Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, ауызы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады, неврологиялық белгілер (көздің қарашығы ұлғайып, қабағы түсіп, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, науқастың жұтынуы қиындап, бірте-бірте дауысынан айрылады (афония)).

         Ботулизм ауруының алдын –алу жолдары:

— санитариялық тазалықты сақтау, тамақ өнімдерін консервілеуде технологиялық процесті қатаң сақтау, консервіленген өнімдерді сақталуын қадағалау, жылы, ыстық орындарда сақтамау;

— сауда обьектілерінен үй жағдайында дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алмау;

Құрметті оқырман! Егер науқасқа уақытылы дәрігерлік көмек көрсетілмесе, аз уақытта өлімге алып келеді. Қолдағы бар дәрі-дәрмектерді ішіп, үй жағдайында емделуге болмайды, емі тек ботулотоксинге қарсы сарысудың уақытылы егілуі мен симтоматикалық емдерді дәрілерлердің бақылауымен стационар жағдайда дер кезінде ем қабылдау. Ботулизммен ауырған адамның ағзасы қалыпты жағдайға  өте ұзақ уақытта қалпына келеді. Сондықтан өз денсаулығымыз бен туыстарымыздын денсаулығын сақтайық, ауырмаудын жолын іздейік!


Б.Утемисова,

Шымкент қаласы  

Еңбекші ауданының СЭББ бас маманы                                

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *