Біле жүріңіз Шымкент

Егістікте қызу еңбек


Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет», — деп атап көрсеткені белгілі. Бұл орайда Мемлекет басшысы әсіресе шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашатын қадам екенін, ұжымдасып ірі шаруашылық құрған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім бергенін, ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейгенін нақты мысаладармен айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда Шымкент қаласында бірқатар игі істер қолға алынған. Мегаполистегі ірі шаруа қожалықтарының бірі – «Агросервис-БМБ» ЖШС-і. Шаруашылық жаңадан бой көтерген Тұран ауданының аумағында орналасқан. Қожалықтың егістік алқабында бұл күндері қызу жұмыс жүруде. Шаруалар егістік алқабының 1600 гектарына көктемдік дақылдарды егіп бітірді. Биыл қалада жалпы көлемі 27 мың гектарға егіс егу жоспарланып отыр. Бұған қоса, егістік алқапта көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен 1 000 тонна жанар-жағармай қарастырылған. Бүгінге дейін мұнай өңдеуші зауыттан тиісті жанар-жағармай көлемін алып, шаруалардың қажеттіліктеріне байланысты 310 тоннасы үлестірілді. Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын жүгізуге жалпы 1 756-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылуда.

Егіс көлемінен биыл 87,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Осы ретте айта кету керек, көктемгі дала жұмыстарымен осы жылы Шымкентте 100-ден аса шаруа қожалық айналысып, 2000-нан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Бүгінгі таңда жалпы егіс көлемінің 6,2 мың гектарына күздік, 13,7 мың гектарына көктемгі дақылдар егілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *