Мәселе

Шымкентте балкон құлады

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының хабарлауынша оқиға 31 қаңтарда сағат 14:50-де болған. Мегаполистің Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы бойында орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы (көлемі 3 ш.м.) балкон құлаған.

Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасы, аудан әкімшілігінің қызметкерлері және жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары оқиға орнына тез жетіп, тұрғындарға қауіп төндірмеу жұмыстарын атқарған. Шатырдағы қар мен мұзды түсірген. Балкон құлаған аумақта зардап шеккендер жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *