Судан шыққан ең қауіпті ішек ауруы — тырысқақ. Көптеген вирустық ауру су арқылы таралады.Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жыл сайын шомылу маусымы басталғанға дейін және бүкіл кезеңінде су қоймаларының суы мен жағажайлардағы құмның, топырақтың санитарлық-химиялық, микробиологиялық және паразиттік көрсеткіштерге топырақ сынамасы алынды. Зертханалық талаптарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізеді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша үлгілер санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі үнемі бақыланып қадағаланып отырады.Жалпы демалыс орындары ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 шілдедегі №ҚР ДСМ-67 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Ашық су қоймаларының суы ішуге жарамсыз, сондықтан оны тұтынуға, жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды жууға, ауыз қуысын шаюға болмайды. Жаз маусымында шомылу орындарына барар алдында санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтаған абзал. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Белгіленбеген орындарда шомылмауларыңызды сұранамыз.
Н. Сурашова, Әл-Фараби ауданы СЭББ-ның жетекші маманы.