Біле жүріңіз

Су жүйесіне қосылу жолы қандай?

Білгеніңіз жөн!

Қаланың бірқатар жаңа аудандарына, Шымкент аумағына қосылған елдімекендерге орталық су құбыры тартылды. Ендігі кезекте орталық магистральға қосылған абоненттер суды есепке алу құралын орнатуы тиіс. Тиісті жұмыстарды мердігерлер істейді. Су есептегішті пломбылау үшін тұтынушы осы қызметті ұсынатын лицензиясы бар мамандандырылған ұйымға өтініш жазуы тиіс. Осыдан кейін ғана «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-мен сумен қамту және кәріз қызметі бойынша келісім-шарт түзуге керекті құжаттарды тапсырады.

Шарт түзіп, тұтынылған қызмет бойынша есеп айырысу үшін жеке шот болуы міндетті. Ол үшін тұтынушы келесі құжаттарды тапсырады: жер учаскесінің мемлекеттік актісі, egov.kz порталынан меншік құқығын растайтын анықтаманың көшірмесі, жеке куәліктің көшірмесі және суды есепке алу аспабының фотосуреті (маркасы және нөмірлік белгісі анық көрінуі керек). Осы құжаттармен тұрғылықты жері бойынша дилерлік учаскеге немесе «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-іне жүгіну қажет (мекенжайы: Орманов көшесі, 17, қоғамдық қабылдау бөлмесі). Егер тұтынушының жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаты болмаса, сумен қамту және су бұру қызметін ұсыну туралы келісім-шарт жасалмайды!

Назар аударыңыз! Сумен қамту желілеріне «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-мен келісім-шартсыз қосылған жағдайда абонентке қызмет көрсетілмейді, судан ажыратылады. Және тұтынылған ауыз су көлемін есептеу арнайы әдістеме бойынша жүргізіледі.

Дилерлік учаскелердің мекенжайлары: Қайнарбұлақ т/а, Қайнарбұлақ саяжай алабы, Асар-2, Нұршуақ, Достық, ш/а. Күншығыс оазисі тұрғындары үшін дилерлік учаске Сырым батыр көшесі, 1174 уч. мекенжайында орналасқан (бағдары: «Высоковольт» аялдамасы, Стоматология ғимараты). Анықтама телефоны: +77078709873. Ынтымақ-1,2,3, Нұршуақ ш/а тұрғындары қарайтын дилерлік учаске мына мекенжайда орналасқан: Новотурлан кенті, Галицин көшесі, н/ү, анықтама телефоны:+77027704433.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *