Біле жүріңіз

Алқапты өрттен сақтауды ұмытпайық!

Ауыл шаруашылығында өртеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкеріне,  сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады. Өртеу жұмыстарын жүргізу уақытында жауапты адамдар тағайындалады. Әр өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылуы міндетті.

Жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысының аумағын ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және аудан 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлген дұрыс. Желдің әсері 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен өртеу жұмысын жүргізген жөн.

Жалынның тез таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығындағы өртеу желдің ық жағынан басталады. Өртеу жұмысы аяқталғаннан кейін өртелген аумақтың периметрін мұқият тексеру, бықсыған жерлер мен жану ошақтарын анықтау және жою, қайта жанудың алдын алу үшін 3 сағат  күзет қою қамтамасыз етіледі.

Ауыл шаруашылығында алқаптар мен өрістерде шөпті, аңыз қалдықтарды, сабанды, қамысты өртеу алдында өрт қауіпсіздігі талаптарын мұқият сақтау қажет. Өрт шыға қалған жағдайда мемлекеттік өрт сөндіру бөліміне, яғни «101» нөміріне хабарлауды сұранамыз.

     Д. Искаков, Шымкент қалалық Еңбекші ауданы төтенше

      жағдайлар басқармасының инженері,

      азаматтық қорғау лейтенанты.                                             

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *